126
біршама өзгерістер пайда болады. Бүгінгі таңда бірінші курс студенттерінің шамамен 30% -ы
денсаулық жағдайы бойынша белгілі бір ауытқуларға ие. Сонымен қатар соңғы жылдарда жүрек-
қантамыр жүйесі мен асқазан-ішек жолдары ауруларының таралуы күшеюде. Мұндай аурулардың
пайда болу себебі студенттерге шамадан тыс жүктеменің түсуіне байланысты туындайды. Соңғы
жылдары ұсынылған деректер жас студенттердің денсаулығының жай-күйіне қатысты қолайсыз
жағдайды көрсетіп отыр жəне жеке денсаулық жағдайларынының қазіргі функционалдық жағдайын
бағалауды, оның деңгейінің өзгеруін бақылауды жəне аурулардың дамуының алдын алуды талап етіп
отыр.
Зерттеудің мақсаты студенттерге оқу жүктемесі түскен кездегі вегетативтік көрсеткіштерді
зерттеу. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін зерттеу объектісі ретінде əл- Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің Биология жəне биотехнология факультетінің биофизика жіне
биомедицина кафедрасының қазақ жəне орыс топтарынан 1-2 курс студенттері алынды. Вегетативтік
көрсеткіштердің өзгерістерін зерттеу мақсатында жүректің жиырылу жиілігі мен артериялық қан
қысым деңгей анықталды. Зерттеулер сабақ барысында, бақылау кезінде жəне емтихан алдында
өткізілді. Зерттеу нəтижелері бойынша студенттердегі рубеждік бақылау кезіндегі артериялық қысым
күнделіктісабақ кезінде алынған көрсеткіштермен салыстырғанда төмен деңгейде. Ал жүректің
жиырылу жиілігі күнделікті сабақ кезінде алынған көрсеткіштермен салыстырғанда рубеждік
бақылау кезінде жоғары болды.
Əр түрлі оқу жүктемелерінің əсерінен студенттер ағзасында өзгерістер туындайды. Əсіресе
жоғары оқу орнын енді аттаған студенттер үшін бірден оқу жүктемесінің ауырлай түсуі ағзаға өз
əсерін тигізетіні анықталды.
Ғылыми жетекшісі: к.б.н., доцент Аскарова З.А.
Достарыңызбен бөлісу: