"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


Ғылыми жетекшісі: Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Алибаева Э.Т



Pdf көрінісі
бет182/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   372
 Ғылыми жетекшісі: Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Алибаева Э.Т. 
  
ДИАБЕТ КЕЗІНДЕГІ ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫНЫҢ МОРФО-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ӨЗГЕРІСІ  
  
Мұқа А.Т., Нарен А.Е.
 
Алматы Технологиялық Университеті 
SNABDRESHOV@mail.ru
  
 
Қазіргі  кезеңдегі  əдебиеттер  бойынша  лимфа  түйіндері  көптеген  қызметтер  атқарады,  оның 
ішінде  ең  маңыздылары  –  аламсу,  тасымалдау,  тосқауылдық,  дренаждық-залалсыздандыру 
қызметтері. Бірақ біз əлі күнге дейін лимфа тамырлары мен түйіндерінің аллоксан диабеті кезіндегі 
құрылымдық  өзгерістері  жайлы  мəліметтер  кездестірмедік.  Біз  бұл  зерттеулеріміз  егеуқұйрықтарға 
қалыпты  жəне  тəжірибе  жағдайында,  аллоксан  диабетінің  лимфа  тамырлары  мен  түйіндерінің 
морфологиялық өзгерістерін зерттеу болып табылады.  
Тəжірибе салмағы 210-270г. болатын, 26 жынысы жетілген ақ лабораториялық егеуқұйрықтарға 
(еркек) жасалынды, олардан екі топ құрылды. Біріншісі – бақылау тобы (12 егеуқұйрық), екінші топ 
(14 егеуқұйрық) бір рет тері астынан 15 мг/100 г мөлшерінде аллоксан енгізілді. Зерттеу нəтижелері 
көрсеткендей,  лимфа  тамырлары  мен  түйіндерін  морфологиялық  зерттеу  барысында,  бақылау 
тобындағы  жануарлардың  лимфа  тамырлары  мен  түйіндерінің  құрылысы  əдебиеттердегі 
мəліметтерге сəйкес келеді. Аллоксан диабеті қалыптасқан егеуқұйрықтардың лимфа тамырларында, 
тамырлардың  қалыңдауы,  саңлауларының  кеңейгендігі  жəне  саңлаудың  бос  болуы  байқалады.  Ал 
лимфа  түйіндерінің  қойнауы  кеңейген,  олардың  саңлауларында  бұзылған  эритроциттер  кездеседі, 
макрофаг  жасушаларында  гемосидерин  көп  (сидерофагтар).  Сидерофагтардың  болуы,  липидтердің 
асқын тотығының белсенділігінің артуына байланысты, эритроциттер бұзылуының жоғарлағандығын 
көрсетеді. Аллоксан диабеті кезінде лимфа түйіндерінің ерекше ісінуі жəне гемосидерозы байқалады. 
Тəжірибелік  жануарларда  қанындағы  эритроциттердің  мөлшерінің  төмендеуі  тек  қана  қанның 
сұйылуы ғана емес, сонымен бірге тамырлардағы қан гемолизінің артуымен байланысты.            
Алоксанды  бір  рет  енгізу  кезінде  лимфа  тамырларының  қабырғасының  кеңейуі,  лимфа 
түйінінде капсула мен табекуланың ісінуі, олардың қойнауының кеңейуі, аргирофилді талшықтардың 
біртекті емес  жуандауы нəтижесінде, оның босаңсуы байқалады.  
Алынған  мəліметтерде  көрсетілгендей,  лимфа  тамырлары,  оның  ішінде  лимфа  түйіндерінде 
аллоксан  диабеті  кезінде,  оның  қан  жасау,  иммундық,  тосқауыл-сүзгілі,  тасымалдау  жəне  басқа  да 
қызметтерінде  аса  қатты  өзгерістер  болғатындығын  көрсетті,  яғни  бұл  ағзалар  қызыметінің 
төмендеуіне алып келеді. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. Абдрешов С.Н. 
 


125 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет