140
бастайды. Нəтижесінде алғашқы қалыпқа қайтып келу қиындай түседі. Биологиялық жүйелердің бір
ерекшелігі қайтымды үдерістердің жоқтығы. Сондықтан да энтропия мен биологиялық жүйелер
интеграциялана алады. Барлық үдерістер қайтымсыз болғандықтан, барлық энергия жұмысқа
жұмсалмайды. Көбіне, энергия жылу түрінде беріледі.
Ағза стационарлы күйде өзінің тұрақтылығын сақтай алады. Солай биожүйелер
авторегуляцияны сақтайды. Мысал ретінде қандағы глюкоза мөлшерін алуға болады. Сонымен қатар,
ағза тəулік бойы қанша тағам қабылдаса да, өзінің бірқалыпты салмағын ұстап тұрады. Бəрімізге
белгілі ағзамыздағы температураның тұрақты болуы тұтынатын тағамның энергиясынан емес,
энтропия бөлінуінің азаюынан болады.
Қорытындылай келе, биологиялық үдерістерді зерттеп, түсіндіре алу үшін қазіргі заманауи
биофизикалық əдіс-тəсілдерді пайдалану арқылы жақсы нəтижелерге жетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: