"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


УРИНОТОК: ЖАҢА ҒАСЫР ЭНЕРГИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет205/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   372
Байланысты:
thesis114326

УРИНОТОК: ЖАҢА ҒАСЫР ЭНЕРГИЯСЫ 
 
Успанова Г.Б. 
ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қазақстан, Ақтөбе қ. 
uspanova_g@akb.nis.edu.kz
  
 
Қазіргі таңда баламалы энергия көздерін тауып, оларды дамытуға басты назар аударып жатыр. 
Жер бетіндегі барша тіршілік көзіне керекті энергия тақырыбы бактериалды энергия арқылы көрініс 
тапқан тиімді шешім ретінде берілген. 
Бактериялар  қуатты,  көзге  көрінбес  кішкентай  жаратылыстар.  Олар  адам  организмінде  ауру 
туғызып қана қоймай, электр тогын өндіре алуға қабілетті екендігін бірі білсе, екіншісі біле бермейді. 
Жұмыстың  маңыздылығы  да  осы  жерде  ашылып  отыр,  себебі:  ғылыми  бақылаулар    оның  қалану 
сəтінен бастап энергия алмастырушы көздерді іздестіру-табу-іске жарату əдісі бойынша жаңа энергия 
өндіру жолдарын ойлап табуға бейімделген. 
Алдыға қойылған негізгі міндеттерім: 
1) 
Микробты  энергия  элементі  (MЭЭ)  құрылғысына  сəйкес  тəжіриебелік  жұмысты 
орындау, нəтижесін талдау жəне жүйелеу; 
2) 
Теориялық  жəне  практикалық  кезеңдерге  шолу  жасай  отырып,  оларды  салыстыру, 
қорытынды ой түйіндеу. 
Сау адамның несебі стерильді, сəйкесінше бактериялар оған несеп шығару жолдарында түседі. 
Резидентті 
микрофлораға 
стафилококктарды, 
микрококктарды, 
дифтериод, 
сарцина, 
энтеробактериялар,    микоплазма,  фузиформды  бактериялар  мен  трепонемаларды  жатқызады.  Сау 
адамның    1  мл  несебінде  шамамен    104  бактерия  болады,  бұл  шамадан  асып  кеткен  жағдайда 
патологиялық ауру белгісі ретінде қарастырылады.  
Жұмыс  мақсатына  сəйкес  адам  несебі  қолданылды.  Қол  жетімді  заттардан  МЭЭ  құрылғысы 
жасалды.  МЭЭ жұмыс жасау принципі:  Анодты камера органикалық зат пен бактериядан тұрады: 
Proteus  Bacteria  жəне  Escherichia  coli  бактериялары,  ал  катодты  камера  фосфорлы  буфер  арқылы 
жұмыс жасайды (ph 7.7). Анодты камерадағы бактериалды орта анаэробты түрде жұмыс жасайды, сол 
себепті ол бар оттекті катодты камераға жібереді.  
Анодтағы  электрондар  тотыққан  уақытта  олар  катодты  камерға  протон  алмасу  мембранасы 
арқылы  тасымалданып,  суды  азайтады.  Анодта  түзілген  сутек  иондары  да  осы  мембрана  бойымен 
қозғалысқа түседі.  
Қорытындылай  келе,  осы  электрохимиялық  реакция  градиенті    өткізгіш  сым  бойында  токты 
туғызып, тасымалданатын кернеу туындауына себепші болды. Нəтижесінде энергия бөлінді.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет