"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


КРИОКОНСЕРВАЦИЯЛАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет208/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   372
КРИОКОНСЕРВАЦИЯЛАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Үсіпбек Б.А. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 
119bota@gmail.com
 
 
Криобиология қалыпты жағдайдан төмен температурада биологиялық нысандарды зерттеумен 
айналысатын  саланың  бірі  екендігі  белгілі.  Бұл  салада  зерттеу  нысандарында  орташа  төменнен 
криогендіге дейінгі температуралық диапазон қолданылады. 
Бұл технологияның маңызы кейін ерітіп жəне тіршілігін сақтай отырып -196
0
С температуралық 
жағдайда сұйық азотта жасушалар мен ұлпаларды терең мұздатуда болып табылады. Жасушалардағы 
барлық биологиялық процесстер тоқтайды, тіршілік циклі тоқтайды, жəне бұл материалды ұзақ уақыт 
бойына,  оның  қажет  болған  уақытына  дейін  сақтауға  мүмкіндік  береді.  Мұздату  екі  түрлі  тəсілмен 
жүзеге  асырылады:  бірінші  –  бұл  жасушаны  баяу  дегидратациялау,  яғни  криопротектормен 
алмастыра  отырып  біртіндеп  жасушадан  сұйықтықты  шығару.  Витрификация  деп  аталатын  екінші 
тəсіл  –  бұл  кристаллизация  процесінсіз  бір  мезетте  дерлік  мұздату.  Аталған  тəсілдердің  əрқайсысы 
ұлпа немесе жасушаның биологиялық сипаттамасына байланысты өзіндік қолданысқа ие. 
Сондай-ақ, криопротекторсыз технология да зерттелуде. 10 жылдан астам уақыт бойы Еуропа 
ғалымдары  криогенді  сублимация  үшін  адам  ұрығын  криопротекторсыз  витрификациялау 
технологиясы  бойынша  жұмыс  жасап,  зерттеп  келуде.  В.  Исаченко  жəне  тағы  басқа  ғалымдардың 
зерттеулері (2008) сахарозаның сперматозоидтардың митохондрияларының зақымдануынан сақтауға 
арналған  қабілетін,  ыдысты  жасанды  криоиндукциялау  жəне  акросомалар  реакциясын  қолдануда 
бағытталған.  Сперматозоидтар  криопротекторларсыз,  үш  түрлі  тасымалдаушыларды  қолдану 
арқылы:    (І)  адамның  түтік  тəрізді  сұйықтығы  (HTF,  бақылау)  орташа;  (ІІ)  1%  адамның  сарысу 
альбумині (HSA) бар HTF; (ІІІ) сондай-ақ 1% HSA жəне 0,25 M сахарозасы бар  HTF қолдану арқылы 
алынады.  Сперматозоид  жасушаларын  37°С  температурада  баяу  араластыра  отырып  1%  HSA  бар 
HTF  салып  жылдам  ерітілді.  Алынған  сперматозоидтардың  төзімділігі,  тіршілікке  қабілеттілігі, 
митохондриялық  мембрананың  потенциялын,  бүтінділігі,  спонтанды  сыйымдылығы  жəне 
акросомалар  реакциясы  зерттелді.  Белсенді  қозғалыстағы  сперматозоидтар  саны  бақылау  тобымен 
(19%)  салыстырғанда  сахароза  қосылған  топта  (57%)  айтарлықтай  жоғары  болды.  HSA  мен 
сахарозаның  қосындысы  (65%)  тек  қана  HSA  (33%)  қолданылған  топпен  салыстырғанда 
митохондриялық  мембрананың  бүтіндігіне  жəне  потенциялына  қатысты  біршама  күшті 
криопротекторлық  əсерге  ие.  HSA  жəне  сахароза  секілді  енбейтін  криопротекторлармен  адам 
сперматозоидтарын  кристалды  емес  шыныландыру  арқылы  физиологиялық  параметрлерінің 
маңызын  жоғалтпастан  жасушаларды  криоконсервациялауға  мүмкіндік  береді  деген  қорытынды 
жасалды. 
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.д., профессор Мурзахметова М.К., б.ғ.к., доцент Аблайханова Н.Т., 
PhD профессор Исаченко В. 
 


143 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет