"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ШАРЫН ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ҚАНСОРҒЫШ ҚОСҚАНАТТЫ ЖӘНДІКТЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет209/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   372
ШАРЫН ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ҚАНСОРҒЫШ ҚОСҚАНАТТЫ ЖӘНДІКТЕРІНІҢ 
(DIPTERA: CULICIDAE, SIMULIIDAE, CERATOPOGONIDAE, PHLEBOTOMIDAE, TABANIDAE) 
ТҮР ӘРАЛУАНДЫЛЫҒЫНА  МОЙНАҚ ГЭСІНІҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Утебаева Г.А., Сартбаев Ж.Т. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
Шарын Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі 
karshyga.kosh@gmail.com
 
 
Шарын -  Іле өзенінің Қазақстан аумағындағы ең ірі саласы. Күнгей Алатауынан жəне Кетпен 
жотасынан  бастау  алатын  өзен  жоғарғы  ағысында  Шалкөдесу,  ортаңғы  ағысының  едəуір  бөлігінде 
Кеген  деп  аталады.  Тек  Кеген  мен  Қарқара  өзендері  тоғысқаннан  соң  ғана  Шарын  деген  атқа  ие 
болады  жəне  онан  төменгі  бөліктерінде  арнасы  тар  шатқалдың  табанымен  ағады.  Өзеннің  таудан 
жазыққа 
қарай 
құлдыйлауы 
өте 
қарқынды, 
осы 
ерекшелігіне 
байланысты 
өзеннің 
гидроэнергетикалық  потенциялын  пайдалану  жобалары  Кеңес  Одағы  кезінен  бері  мамандардың 
қзығушылығын туғызып келеді. Шарын шатқалының бойында ГЭС орнату үшін қолайлы үш нүкте 
бар.  Мамандардың  есептеуі  бойынша,  осы  жерлерге  гидроэлектростанциялар  орнатылса,  олардың 
жалпы қуаттылығы Қапшағай ГЭС-інен екі есе артық болмақ.  
2012 жылы сол жобалардың алғашқысы іске асып Бестөбе маңында осы аттас су қоймасы пайда 
болды  жəне  қуаттылығы  300  мегаватт  Мойнақ  ГЭС-ы  іске  қосылды.  Біздің  мақсатымыз  өзеннің 
өзгерген гидрологиялық режимінің тіршілігі су көздерімен тығыз байланысты қансорғыш қосқанатты 
жəндіктердің  осы  өзгерістерге  жауабын  зерттеу.  Аталған  жəндіктердің  тобына  Diptera  отрядына 
жататын  масалар  (Culicidae),  шіркейлер  (Simuliidae),  құмытылар  (Ceratopogonidae),  үндеместер 
(Phlebotomidae) жəне соналар (Tabanidae) кіреді.  
2000-шы  жылдарға  дейін  Шарын  аңғарының  қансорғыш  қосқанатты  жəндіктері  арнайы 
зерттелмеген. 
Дегенмен, 
В.В.Шевченконың, 
М.С.Шакирзянованың, 
А.М.Дубицкийдің, 
Ж.С.Сматовтың  еңбектерінде  бірқатар  фаунистикалық  сипаттағы  мəліметтер  кездеседі.  2000-шы 
жылдардың  басында  Мойнақ  ГЭС-ының  құрылысы  қайта  қолға  алынатыны  белгілі  болғаннан  соң 
ғана зерттеу жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі кезде, əдеби деректерге жəне  өз зерттеулерімізге 
сүйене отырып, Шарын өзенінің аңғарында соналардың 13-14 түрі, шіркейлердің 6-7 түрі кездесетінін 
айта  аламыз.  Содай-ақ,  масалардың  Anopheles  Mg.,  Culex  L.  туыстастықтарының,  құмытылардың 
Culicoides  Latr.,  Leptoconops  Skuse  туыстастығының  өкілдері  табылды.  Масалар  мен  құмытылардың 
түрлерін  анықтау  кезінде  кездескен  қыйыншылықтарға  байланысты  олардың  түрлерінің  санын 
дəлірек көрсету əзірге мүмкін болмай отыр. Үндеместер тұқымдастығының өкілдері бізге кездеспеді, 
мүмкін келешекте табылар. 
Мойнақ  ГЭС-і  орнағанға  дейін  өзен  көктемнің  басынан  бастап  жаздың  ортасына  шейін 
тасыйтын,  су  өзен  жайылмасын  басып  жататын.  Қазіргі  кезде  арнадағы  су  шығыны  түбегейлі 
энергетиканың  мүддесіне  сəйкес  өзгерген:  ГЭС  турбиналары  тəулігіне  екі  мезгіл  -  Алматы  қаласы 
мен  Алматы  облысының  энергетика  жүйесіне  энергия  көп  мөлшерде  қажет  болатын  сағаттарда 
қосылады,  өзге  уақыттарда  тоқтап  тұрады,  су  шығыны  да  тоқталады.  Сəйкесінше  өзен  суының 
деңгейі  де  тəулігіне  екі  мезгіл  көтеріліп,  қайта  төмендейді.  Мұндай  құбылыстың  тіршілігі  сулы 
ортамен байланысты жəндіктерге қолайсыз əсер ететіні анық. Соның бір көрінісі шіркейлерден анық 
байқалады:  бұған  дейін  саны  ең  көп  саналып  келген  Wilhelmia  turgaica  Rubz.  түрінің  саны  күрт 
төмендеп кеткені анықталды. Келешекте бұдан басқа да өзгерістер анықталары сөзсіз. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. Көшкімбаев Қ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет