"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ TRITICUM AESTIVUM L. ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ – БИОХИМИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет228/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ TRITICUM AESTIVUM L. ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ – БИОХИМИЯЛЫҚ 
КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘЛСІЗ МУТЕГЕНДЕРДІҢ ӘСЕРІ 
 
Кенжеева А.Н. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
k.n.akerke@mail.ru
  
 
Қазақстан  Республикасы  тауарлық  бидай  дəндерін  ең  ірі  əлемдік  өндірушілердің  бірі    болып 
табылады.  Табиғи  жағдайда  дəнді  дақылдардың  биотикалық  факторларға  (патогендермен 


156 
 
туындайтын аурулар) жəне абиотикалық факторларға  бейімделуі олардың өнімділігінің төмендеуіне 
алып келеді.   
Жұмсақ  бидай  ауыл  шаруашылық  дақылдарының  ішінде  маңызды  орын  алатындықтан 
пластикалық  жəне  төзімді  сорт  шығару  селекцияның  басты  мақсаты.  Генетикалық  өзгерістің  жəне 
бейімделушіліктің қасиеттерінің спектрін кеңейтудің бірден бір жолы – мутанттардың  индукциясы. 
Оларды  тікелей,  сонымен  қатар  оларды  будандастыруда  пайдалану    гендік  жиынтықтың 
рекомбинациясын,  генетик  пен  селекционерге  қажетті  бағытта  өсімдік  генотипін  қайта 
қалыптастыруға, генетикалық алуантүрліліктің артуына алып келеді. 
Зерттеу  жұмысының  мақсаты  –  Казахстанская  19  жəне  Казахстанская  раннеспелая 
сорттарының физиологиялық жəне биохимиялық көрсеткіштеріне əлсіз мутагендердің əсерін зерттеу 
жəне баға беру. 
Зерттеуге  алынған  бидай  сорттарының  беттік  белсенді  заттар  (ББЗ)  Твин  20-ға  төзімділігін 
анықтау үшін, бидай дəндерін лабораториялық жағдайда Твин 20-ның 0,5 % жəне 1 % ерітіндісінде 
өсірілді. Бидай өскіндеріндегі хлорофилдер, каротиноидтар жəне бос пролин мөлшерін анықтау үшін 
спектрофотометр ПЭ – 5400 УФ пайдаланылды.  
С
а

b
  жəне  С
а

b

кар 
қатынастарының  өзгеруі  қоршаған  ортаның  қолайсыз  жағдайларына 
төзімділігінің  көрсеткіштері  болып  табылады.  С
а


қатынасы  азаяды,  ал  С
а

b

кар
  керісінше 
жоғарылайды.  Биотикалық  қолайсыз  жағдайда  хлорофилдің  жалпы  мөлшері  С
а
+

патогенге  төзімді 
түрлерде  92  %-ға,  ал  сезімталдарда  3%-ға  артады.  Алынған  нəтижелер  бидай  сорты  Казахстанская 
19–дың  Твин  20-ға  төзімді  екенін  көрсетті  (15  %-ға  дейін  зақымдалды).  Өскіндегі  пигменттер 
концентрациясының  өзгеруі  өсімдіктің  табиғи  қорғану  механизмімен  байланысты  деген  болжам 
жасалды.  Əдебиет  көздеріне  сүйенсек  өсімдіктердің  биологиялық  факторларға  бейімделу 
механизмінің бірі ферменттік жəне ферменттік емес компоненттердің антиоксиданттардың қорғаныш 
қызметінің белсенділігінің төмендеуімен байланысты екендігі айтылады. Каротиноидтар липофильді 
тотықсыздандырғыш болып табылады.  
Өсімдіктерде  бос  пролин  қоршаған  ортаның  абиотикалық  жəне  биотикалық  стрестерге  жауап 
қайтаруы  нəтижесінде  жинақталады  (судың  тапшылығы,  патогендермен  инфекциялану  жəне  т.б.). 
Твин  20-мен  өңдеу  барысында  өскіндерде  бос  пролин  мөлшерінің  өзгеруі  байқалды.  Мысалы, 
статистикалық тұрғыдан Казахстанская 19 сортында 43 %-ға, ал Казахстанская раннеспелая сортында 
59 %-ға артқаны байқалды. 
Ғылыми жетекші: б.ғ.д. Омирбекова Н.Ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет