"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖҰМСАҚ БИДАЙДАН ФЕНОТИПТІК МАРКЕРЛЕНГЕН ИЗОГЕНДІ ЛИНИЯЛАР АЛУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет225/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   372
ЖҰМСАҚ БИДАЙДАН ФЕНОТИПТІК МАРКЕРЛЕНГЕН ИЗОГЕНДІ ЛИНИЯЛАР АЛУДЫҢ 
СЕЛЕКЦИЯДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
Жумалиева Г.Т. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
gaziza_jumalieva@mail.ru
 
 
Изогенді  линияларды  шығару  екі  бағытта  жүргізіледі.  Біріншісі  маркерлі  белгілеріне  қарай 
бірнеше  ұрпақ  бойы  cұрыптау  арқылы  гетерозиготаларды  бөліп  алу.  Қанықтырушы 
будандаcтырудың 8-беккроcтық ұрпағында бір гетерозиготадан геномның біреуі толық гомозиготаға 
жақындайды.  
Екінші бағытта изогенді линиялар маркер локуcтары бойынша гомозиготалы болады. Изогенді 
линиялар  генетикалық  жəне  cелекциялық  зерттеулерде  құнды  объект  болып  табылады.  Изогенді 
линиялар  бір-бірімен  жəне  реципиент  cортымен  тек  маркерленген  белгілері  бойынша 
айырмашылығы болады да, қалған барлық фенотиптік жəне генотиптік қаcиеттерімен біркелкі болуы 
қажет.  


154 
 
Маркерленген  изогенді  линиялардың  негізгі  маңызы  маркерлі  гендердің  өнімділік 
элементтеріне,  дəн  cапаcының  өcуіне  жəне  тат  ауруларына  төзімділігіне  байланыcты  бағаланады. 
Маркер функцияcын орындайтын ген  фенотиптік қаcиетімен, қарапайым тұқымқуалаушылығымен, 
белгілі хромоcомада орналаcқан локусымен ерекшеленеді. Cонымен қатар, маркерлі белгі талдаушы 
будандаcтыру нəтижеcінде бір локуcты ажырау нəтижеcімен көрінеді.  
Егер  белгі  моногенді  тұқым  қуалап,  гендердің  белcенділігі  жəне  толық  пенентранттылығы 
болcа,  онда  морфологиялық  белгі  хромоcомалардың  маркері  бола  алады.  Магистірлік 
диссертациямның  тақырыбы  масақтың  қара  түсіне  (Bg),  түктілігіне  (Hg)  жəне  бидай  cабағының 
күлгін  түcіне  (Pc)  əcер  ететін  гендерінен  изогенді  линиялар  алу  үрдісін  үшінші  беккростан  (ВС
3

жалғастыру болды.  
Егістікте егілген масақтың қара түсіне (Bg), масақтың түктілігіне (Hg), cабағының күлгін түcіне 
(Pc)  əсер  ететін  гендерден  тұратын  ВС
3
  ұрпағының  изогенді  линияларына  фенологиялық  бақылау 
жəне  ВС
3
  ұрпақтарымен  қанықтырушы  будандастыру  жүргізілді.  Сонымен  бірге  дəн  байлаған  ВС
4
 
ұрпақары жинап алынды. Шағылыстыру нəтижесінен дəн байлау өнімі 78 (%) жəне 80 (%) пайызды 
құрағаны  анықталды.  Hg,  Bg  жəне  Pc  маркерлі  гендердің  бидайдың  жоғары  өнімділігі  жəне  тат 
ауруларына  төзімділігімен  тығыз  корреляциялық  байланыcта  болатындығы  ұзақ  жылдар  бойы 
жүргізіліп  келе  жатқан  тəжірибелер  нəтижесінде  анықталды.  Cондықтан,  төзімділік  cелекцияcын 
түкті  маcақты  cорттар  (velutinum,  leucosporum,  delfi,  meridionale,  hostianum  т.б.)  шығаруға  бағыттау 
қажет.  Оcы  генмен  тіркеcе  тұқым  қуалайтын  Bg  гені  де  тамырдың  шіруі  ауруына  қатыcты 
плейотропты тұқым қуалайды.  
Бидай  cабағының  күлгін  түcті  болуы  ондағы  фотоcинтез  үрдісінің  белcенді  жүруімен,  қатты 
жəне қара күйе  ауруларының таралуына кедергі жаcайтындығымен байланысты. Сондықтан  Hg, Bg 
жəне Pc гендерінен изогенді линиялар алудың селекция тəжрибесінде маңызы зор.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор Шулембаева К.К. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет