КӨКӨНІСТІК ҮРМЕБҰРШАҚ СОРТ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚҚА БАҒАЛЫ БЕЛГІЛЕРІН ЗЕРТТЕУ
Шыңғысқызы Н.
Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан.
n-shyngys @mail.ru.
Қазақстан Республикасының аграрлық азық-түлік саясатының стратегиялық міндеттері болып
тиімді, бəсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өндірісін қалыптастыру болып табылады. Ауыл
шаруашылығының басты міндеті тағамның жоғары деңгейін жəне сапасын қамтамасыз ету. ДДҰ
мəліметтері бойынша аурулардың 80% тамақтану бұзылыстарымен, ал 41% өздігінен тікелей
детерминациялануымен байланысты. Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық өндірісі дəнді-бұршақты
дақылдардың егілуінсіз мүмкін емес. Олар өзінің өнімділігімен ерекшеленеді, басқа да дəнді
дақылдар үшін азотфиксаторлар болып табылады. Үрмебұршақ өзінің нəрлілігімен жəне қорек
мақсатында көбіне пайдалануымен ерекшеленеді. Үрмебұршақ жəне бұршақ дақылдары көптеген
ауруларда, мысалы, қантты диабет, дененің артық салмағы, несептас ауруларында, подагра, бүйрек
ауруларында жəне т.б. ауруларда диеталық өнім ретінде пайдаланылады. Үрмебұршақ əлемнің
көптеген
елдерінде
белоктардың,
алмаспайтын
аминқышқылдардың,
макро
жəне
микроэлементтердің, витаминдердің негізгі көзі ретінде пайдаланылады. Вегетариандық тамақтану
типінің көбеюімен бұршаққынды үрмебұршақ жануар белогының сапалы алмастырғышы болуы
мүмкін.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы үрмебұршақ өндірісі ТМД елдері мен шет елдерден экспорт
арқылы жеткізілуімен қанағаттандырылады. Сондықтан жұмыстың мақсаты болып Алматы облысы
табиғат
жағдайына
бейімделген,
жоғары
өнім
беретін,
құнарлылық
қасиеті
бар,
механикаландырылған өсіп-өндіру үшін қажет астық үрмебұршағының бастапқы құнды материалын
алу болып табылады. Зерттеу міндеттеріне астық селекциясында зерттелініп отырған үрмебұршақ
үлгілерінің құнды ауылшаруашылық белгілері мен өнімділік элементтерін зерттеу жəне жасыл
үрмебұршақ іріктемелерінің тағамдық құнарлығын бағалау жатады. Зерттеуге жергілікті жəне шетел
селекциясындағы үрмебұршақ сорт үлгілері алынды. Жұмысымызда зерттеліп отырған қазақстандық,
ресейлік жəне шет елдік үрмебұршақ сорт үлгілерінің сандық белгілері, белок мөлшері бойынша
зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нəтижелері бойынша бірнеше үлгілердің көкөністік бұршаққынында
лектин мөлшері жоғары болды. Сонымен бірге, лектин белогының жоғары белсенділігі сол
сорттардың дəндерінен де байқалды. Ал, басқа мүшелерінде лектин белсенділігі əртүрлі көрсеткішті
көрсетті. Стресс фактор көп болған жағдайда лектин белсенділігі жоғарлайды. Температуралық
стресс фактор үрмебұршақ сорттары үлгілерінде лектин белогының мөлшерінің арттыратыны
байқалды.
30 жасыл үрмебұршақ сорт іріктемелерінің ауылшаруашылық белгілері мен өнімділік
элементтерін зерттеу жұмыстары бойынша Алматы облысы шаруашылық жəне табиғат жағдайына
бейім бағалы белгілері анықталынды. Үрмебұршақ сорт үлгілерінен он бес сорт үлгілері сұрыпталып
алынды.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Жұмабаева Б.Ә.