37
ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ BORAGINACEAE JUSS. ТҰҚЫМДАСЫНА
СИПАТТАМА
Жұмаханова Қ.
əл-Фaрaби aтындaғы
Қaзaқ Ұлттық Университеті
kima0128@mail.ru
Флора табиғи тарихи түзіліс сияқты уақытқа қарай өзгеріп отыратын экожүйенің құрамды
бөлігі болып табылады. Сондықтан аймақтың флорасын зерттеу - болып жатқан өзгерістердің
көрсеткіші, ал оның қазіргі жағдайы табиғи жəне антропогендік факторлардың əсерінен болған
құбылыстардың нəтижесі болып табылады. Осыған байланысты кез-келген аймақтың флорасын
талдау жəне инвентаризациялау (түгендеу) барлық уақытта өзекті болып табылады.
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау жəне зерттеу мəселесі қазіргі таңда өзекті болып
табылады. Бұл əсіресе Іле-Балқаш аймағының табиғи кешені үшін маңызды. Өсімдіктердің
биоалуантүрлілігін зерттеу əр уақытта да өзекті. Бұл бұрын ғылыми зерттеулерден тыс қалған
географиялық аймақтар мен өңірлердің жəне кейбір систематикалық топтардың нақтылы тексерілуі
өте қажетті жұмыс. Осындай географиялық аймаққа Іле өзенінің төменгі ағысы мен систематикалық
топқа
Boraginaceae Juss. тұқымдасы жатады.
Boraginaceae Juss. ірі тұқымдас, құрамында 100 туыс, 2000 түр бар. Қоңыржай климатты
зоналарда көп кездеседі. Тіршілік формалары шөптесін өсімдіктер болып табылады. Ал тропика
жағдайында кездесетін түрлерінде тіршілік формалары ағаштар, бұталар. Сабағы цилиндрлі,
қарапайым жапырағы спиральды орналасқан. Гүлдері актиноморфты, сирек зигоморфты. Тұқымдасқа
тəн негізгі белгілері: гүлшоғы – бұйра, жапырақтары мен сабағы қатты түктенген, қарапайым
жапырақтары кезектесіп орналасқан, қосалқы жапырақшасыз, гүлдері 5 мүшелі, əдетте дұрыс гүлдер,
күлтелері тозаңданғаннан кейін түсін өзгертеді (əдетте қызғылт түстен көгілдір немесе күлгін түске),
екі ұялы түйіннен түзілетін 4 жаңғақшадан тұратын бөлшектенетін жеміс. Насекомдармен
тозаңданады. Медоносты өсімдік. Сондай-ақ улы, сонымен қатар декоративті өсімдіктер.
Айлаулықтар тұқымдасында пайдалы өсімдіктері аз.
Зерттеу нəтижесі бойынша Іле өзенінің төменгі ағысына далалық экспедицияға шығу
барысында айлаулықтар тұқымдасынан жиналған доминантты түрлер мыналар:
Heliotropium
argusioides Kar. et Kir. – аргуз сүйелжазар,
Heliotropium ellipticum Ledeb. – сопақ сүйелжазар,
Lappula
spinocarpos (Forssk.) Asch. – тікенжеміс кəріқыз,
Nonnea caspica (Wiced) G.Don – Каспий ноннея.
Ғылыми жетекшісі:аға оқытушы Чилдибаева А.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: