"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


БАЛҚАШ БАССЕЙНІНДЕГІ БІР ТҮСТІ ТАЛМА БАЛЫҒЫНЫҢ TRIPLOPHYSA



Pdf көрінісі
бет53/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   372
Байланысты:
thesis114326

БАЛҚАШ БАССЕЙНІНДЕГІ БІР ТҮСТІ ТАЛМА БАЛЫҒЫНЫҢ TRIPLOPHYSA 
LABIATA (CYPRINIFORMES; BALITORIDAE) ЖАҢА МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ 
МӘЛІМЕТТЕРІ 
 
Инаятов А.Б. 
əл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Университеті 
inayatov96@bk.ru 
 
Balitoridae  тұқымдасының  өкілдері  Балқаш  бассейнінің  аборигенді  түрлері.  Олардың  ішінде 
Triplophysa  labiata  (Kessler,  1874)  Балқаш  бассейннің  эндемик  түрі.  Ол  негізінен  өзендердің  таулы 
аудандарында  тарлған.  Бір  түсті  талма балығының  биологиялық ерекшеліктері  мен  морфологиялық 
өзгергіштігі туралы жазбаша ақпараттар аз, негізінен В.П.Митрофановтың еңбектерінде жалпылама 
көрсетілген.  Қазіргі  кезде  бұл  түр  Алматы  облысының  Қызыл  кітабына  кіргізілген.  Қолайсыз 
жағдайдың себептері – бөгде түрлерді жаппай жерсіндіру жұмыстары жəне гидрологиялық режимнің 
өзгеруі.  ҚазҰУ  лабараториясының  қорынан  Текес,  Үшарал,  Қызылағаш  өзендерінен  ауланған  бір 
түсті талма балығының сынамалары алынды. Зерттеу жұмыстарының мақсаты түрдің морфологиялық 
жəне биологиялық өзгергіштігін зерттеу.                                                                                                                                                               
Балықтарды ұяшықтары 3 мм болатын балық аулағыш сачоктармен аулаған. Балықтарды аулап 
болғаннан  кейін,  бірден  4  %  формалин  ерітіндісіне  салынды.  Морфологиялық  анализ 
И.Ф.Правдиннің  əдістемесі  бойынша  жəне  кейбір  толықтырулармен  жүргізілді.  Статистистикалық 
өңдеу «Excel» бағдарламасымен жүргізілді. 
Балықтардың мөлшері (lst) жалпы сынамада 40,4 мм-ден 124,9 мм-ге дейін жетті. Максимальді 
мөлшерлері  табиғи  ареалға  тəн  мөлшермен  сəйкес  емес  (210  мм).  Оған  себеп,  ортаның  қолайсыз 


38 
 
факторлары жəне гидрологиялық режим. Бұл өзендердегі кейбір особьтардың Фультон мен Кларктың 
көрсеткіштері  бойынша  да  айырмашылықтар  бар,  Текес,  Үшарал,  Қызылағаш  өзендерінде 
Фультонның  көрсеткіші,  сəйкесінше,  0,68-ден  0,97;    0,94-тен  1,2;  0,97-ден  1,29-ға  дейінгі  арлықты 
қамтыды. Ал, Кларк бойынша көрсеткіш, сəйкесінше,  0,47-ден 0,78-ге, 0,65-тен 1,0-ге, 0,77-ден 1,09-
ға  дейінгі  аралықты  қамтыды.  Мұндай  айырмашылықтар,  түрішілік  бəсекелестіктің  жəне  қоректік 
организмдердің  жетіспеушілігінен  болуы  мүмкін.  Жалпы  сынамандағы  омыртқалардың  санының 
ауытқуы  40  пен  44  аралығында  болды.  Омыртқалар  метамерлі  көрсеткіш,  олардың  саны  тек  қана 
түрдің ерекшеліктеріне тəуелді емес. 
Балықтардың  қозғалысына  байланысты,  пластикалық  көрсеткіштер:  арқа,  кеуде  жəне  құрсақ 
қанатының  орналасуы,  құйрық  қалақшасының  ұзындығы  аса  көп  ауытқуға  ұшырамаған.  Зерттеу 
жүмыстарынан алынған нəтижелер теңбіл талма балығының түрлі мекен ету орталарына бейімделуге 
қабілетті  екенін  көрсетті,  сондықтан,  оның  мекен  ету  ареалының  қысқаруының  басты  себебі  бөгде 
түрлерді жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуі. 
Ғылыми жетекші б.ғ.к, доцент  Мамилов Н.Ш.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет