47
жерлерде қияқөлеңді-жатаған бидайықты жəне əртүрлі шөпті-астықты шалғындар таралған. Бірнеше
қара сулар кездеседі. Өзеннің асимметриялық жайылмасынан профиль жасалып, негізгі топырақ
типтеріне сипаттама берілді:
1)Арна маңы жайылманың нашар жетілген
құмдақты топырағы;
2)Ортаңғы жайылманың ауыр
саздақты шалғын топырақтары;
3)Терраса маңы жайылманың ауыр саздақты карбонатты шалғын топырақтары.
№1Tопырақ шұңқыры 11.10.2017 ж. өзеннің төменгі ағысының сол жақ жағалауынан (Степной
ауылының маңы) өзен арнасынан 3 м қазылды. Сирек өскен қара теректі-талды жəне əртүрлі
шөптесін өсімдіктер қауымдастығынан тұрады. Бір жылдық өсімдіктер өскен, проективті жабын 5-
40% аралығында ауытқиды. Қарашірінді қабаты өте аз. Аллювиальды қабаттереңдігі - 11см; Топырақ
беті елді мекендерге жақын жерлерде антропогенді қалдықтармен ластанған.
А
0
- 0-1 см. Шала ыдыраған өсімдік қалдықтары, негізінен ақ теректінің жəне шөптесін
өсімдіктің кураған жапырағы мен сабақтарынан тұрады. Топырақтың құрамындағы түзілімдер: ірі
тасты, ұсақ-малта тастар бар.
Топырақ түрі: Арна маңы жайылманың нашар жетілген құмдақты топырағы.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., Атаева Г.М.
Достарыңызбен бөлісу: