СОЛТҮСТІК КАСПИЙ БҰЗАУБАС БАЛЫҒЫНЫҢ (GOBIIDAE) ЖЕЛБЕЗЕКТЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР Қалдыбек А.Б., Жумагазеева Д.Ж., Жайчибек Е.Э.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
jako_96.n@mail.ru
Каспийдің Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі ихтиофаунаның ерекшелігі оның құрамында тек
құнды кəсіптік балықтар ғана емес, сондай-ақ, құнсыз балықтардың болуында. Сыртқы ортаның
ластануынан туған өзгерістерін зерттеу əдістерінің бірі болып саналатын гистологиялық əдіс
балықтардың физиологиялық жағдайын индикаторлар ретінде пайдалану болып табылады. Олардың
мүшелеріндегі физиологиялық өзгерістері судағы токсикалық заттардың болу салдарын болжауға
жəне бағалауға болады.
Біздің зерттеуіміздің мақсаты Каспий теңізінің Солтүстік-Шығыс бөлігінде мекендейтін құнсыз
балықтарының бірі –бұзаубас балығының (Gobiidae) ішкі мүшелеріне гистологиялық зерттеу
жүргізіп, сыртқы факторлардың əсерін анықтау болып табылады. Зерттеуге алынған 30 бұзаубас
балығы 2017 жылдың қараша айында күзгі ихтиологиялық экспедиция кезінде трал құралымен
Каспийдің Солтүстік-Шығыс бөлігінен жинап алынды. Олардың 15 экземпляры құмдауыт
бұзаубас
балық (N.fluviatilis), ал 15 экземпляры жұмыр бұзаубас балық (N. melanostomus) болды.
Барлық балықтардың желбезек жапырақтарының респираторлы эпителийінің гистологиялық
зерттеулері əртүрлі жағдайда болды. Атап айтқанда көптеген желбезек жапырақшаларында
протозойлы инвазияның əсерінен пайда болған гиперплазиялардың бар екендігі анықталды. Кейбір
жерлерде зақымдалған екінші реттік желбезек жапырақшаларының гиперплазиясы жоғары
болғандығы соншалық, ламеллалар бірігіп, тақта тəрізді болып көрінеді. Сондай-ақ, респираторлы
ламеллалардың екіге бөлінуі мен некрозы, қысқарған ламеллалар мен кейбір ламелла
филаменттерінің жойылып кеткендігі байқалды жəне бұл қайта қалпына келетін процестер болып
табылады.
Зерттеуге алынған барлық балықтар аналық даралар болғандығына қарамастан, балықтардың
көлемінде айырмашылықтар болған жоқ. Аналық бездердің гистологиялық кесінділерінде əртүрлі
көлемдегі цитоплазматикалық өсу ооциттері мен І-ші реттік ооциттер, вителлогенез фазасында
перифериялық цитоплазма вакуолизациясы мен ядродағы ядрошық санының көбеюі байқалды.
Зерттелген балықтардың жыныс жүйесіндегі, жыныс клеткаларының деструктивті өзгерістері
байқалмады, ол бұзаубас балықтар популяциясының жыныс құрылымында ешқандай өзгерістер
болмауын көрсетеді.
Балықтардың бауырындағы зерттеу нəтижесі бойынша бағана тəрізді құрылымы сақталған, ал
қан тамырларының өзгерістері көп жағдайда толыққанды жағдайын көрсетті, сонымен қатар
гепатоциттердің паренхиматозды дистрофиясы да байқалды.
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.к., аға оқытушы Омарова Ж.С., б.ғ.к. доцент Шалгимбаева С.М.