"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ЖҮГЕРІ ӨСКІНДЕРІНІҢ ӨСІП-ДАМУЫНА УЛЫ ӘСЕРІ



Pdf көрінісі
бет70/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   372
Байланысты:
thesis114326

АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ЖҮГЕРІ ӨСКІНДЕРІНІҢ ӨСІП-ДАМУЫНА УЛЫ ӘСЕРІ 
 
Мəдениетова С.М., Баименова Ж.Қ. 
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті 
madenietova98@inbox.ru
  
 
Қазіргі  кезде  қоршаған  ортаға  таралып  жатқан  көптеген  химиялық  заттардың  ішіндегі  ең 
зияндыларының  бірі  –  ауыр  металдар.  Биосферадағы  ең  көп  ластанатын  қабат  литосфера,  яғни, 
топырақ  қабаты.  Топырақтың  ауыр  металдармен  ластануынан  туындаған  қауіп-қатер 
ауыршаруашылық  дақылдарының  өнімділігінің  төмендеуіне  жəне  оның  биологиялық  сапасының 
нашарлауына əкеледі. Алмастырылмайтын табиғи ресурсты ластайтын ауыр металдарға кадмий, мыс, 
мырыш, сынап, қорғасын, марганец жəне т.б. химиялық элементтер жатқызылады. 
Бұл  зерттеу  жұмысында  зерзаты  ретінде  жүгері  өсімдігінің  “Тұран–480”  сорты  алынып,  оған 
ауыр  металдар  мыс  пен  кадмийдің  əсер  етуі  зерттелді.  Жұмыс  барысында  жүгерінің  бұл  сортының 
дəнінің өнгіштігіне ауыр металдардың  (CuSO
4
, CdCl

) кері əсері бірден байқалып, кейіннен оның қор 
затының жұмсалуы мен биопараметрлік өлшемдеріне де улы əсер ететіні анықталды. Əсіресе, CdCl

ауыр металының CuSO

 қарағанда улы екенін байқадық. Мыстың əсері алғашқы күндері əлсіз (90%) 
болғанымен  оның  концентрациясы  жоғарылаған  сайын  улы  əсері  арта  бастады.  Ауыр  металдардың 
улы  əсері  əсіресе,  оның  өсіп  даму  көрсеткіштеріненде  анық  байқалды.  Мысалы,  өсімдік  сабағы 
бақылау  вариантында  10  см  өссе,  мыстың  жоғары  концентрациясында  ол  көрсеткіш  2,5  см,  ал, 
кадмийде тіпті 1,5 см –ге дейін төмендеген.  
Сол  секілді  ауыр  металдардың  улы  əсері  өсімдіктің  тамыр  жүйесіне  өте  улы  əсер  ететіндігі 
анықталды. Тамыр жүйесінің өсуі бақылау вариантында 17 см болса жоғары концентрацияларда мыс 
бойынша  0,8  см  жəне  0,1  см  мөлшерінде  болатындығы  анықталды,  ал  кадмийде  орташа  (5  мг/л) 
концентрацияда  0,8  см  төмендеп  ең  жоғары  концентрацияда  (10  мг/л)  мүлде  тамыр  жүйесі 
түзілмегендігі  анықталды.  Жұмыстың  жалғасы  өсімдіктің  жекелеген  мүшелерінің  анатомиялық 
құрылысының өзгеруіне ауыр металдардың əсерін анықтаумен жалғастырылды.  


49 
 
Онда  тамыр  жүйесінің  тамыр  түкшелерінің  өсіп  қалыптасуына  ауыр  металдардың  кері  əсер 
еткендігі  анықталды. Тіпті  жоғары концентрацияларда  өсімдіктің  сору  аймағында  тамыр  түкшелері 
ауыр металдар əсерінен уланып солып, жетілмей қалғандығы анықталды.  
Мұндай көрсеткіштер əсіресе кадмий элементінің жоғары концентрациясында айқын байқалды.   
Ғылыми жетекші - қауым. проф.м.а. б.ғ.к. Кіршібаев Е.А. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет