БАЛҚАШ БАССЕЙНІНДЕГІ ТЕҢБІЛ ТАЛМА БАЛЫҒЫ TRIPLOPHYSA STRAUCHII (CYPRINIFORMES; BALITORIDAE) ТУРАЛЫ ЖАҢА МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР. Макамбетов С.Ж.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
makhambet_samat@mail.ru
Balitoridae тұқымдасының өкілдері Балқаш бассейнінің аборигенді түрлері болып табылады.
Олардың ішінде, Балқаш бассейнінің өзендерінде кең таралған теңбіл талма балығы Triplophysa strauchii (Kessler, 1874) Балқаш бассейнінің эндемик түрлерінің бірі. Теңбіл талма балығының
биологиялық ерекшеліктері мен морфологиялық өзгергіштігі туралы жазбаша ақпараттар көп емес
жəне негізінен В.П.Митрофановтың (1989) «Рыбы Казахстана» еңбегінде жалпылама көрсетілген.
Түрдің бұл бассейндегі экологиялық қолайсыз жағдайының себебі - бөгде түрлерді жерсіндіру
жұмыстары мен суқоймалардың гидрологиялық режимінде болған өзгерістер. ҚазҰУ
лабараториясының қорынан Балықты, Қаратал, Үшарал өзендерінен ауланған теңбіл талма
балығының сынамалары алынған болатын. Зерттеу жұмыстарының мақсаты түрдің морфологиялық
жəне биологиялық өзгергіштігін зерттеу.
Балықтарды аулауға ұяшықтарының мөлшері 3 мм болатын балық аулағыш сачоктар
қолданылды. Балықтар ауланғаннан кейін, бірден 4 % формалин ерітіндісіне салынды.
Морфобиологиялық анализ И.Ф.Правдиннің əдістемесі бойынша кейбір толықтырулармен жүргізілді.
Жалпы алғанда 43 сынама, олардың ішінде Балықты, Қаратал, Үшарал өзендерінен, сəйкесінше 12,
23, 8 сынама зерттелінді. Статистистикалық өңдеу «Excel» бағдарламасымен жүргізілді.
Зерттелген сынамалардағы балықтардың мөлшері (lst) Қаратал өзенінде 73-тен 141,3 мм,
Балықты өзенінде 71,9-дан 123,4 мм, Үшарал өзенінде 40,9-дан 81,6 мм дейін ауытқып отырды.
Максимальді мөлшері табиғи ареалға тəн мөлшерден өзгеше, əдебиеттерде 192 мм деп келтірілген.
Яғни, өткен 20 жылдан астам уақытта түрдің физиологиясында өзгерістер орын алған. Мұндай
өзгерістерді олардың мекен ортасының гидрологиялық режимі мен мекен ету ареалының
қысқаруымен түсіндіруге болады. Кейбір особьтар Фультон мен Кларктың көрсеткіштері бойынша
қатты ажыратылады. Каратал, Балықты, Үшарал өзендерінде Фультонның көрсеткіші, сəйкесінше
0,93-тен 2,96-ға; 0,98-ден 1,6-ға; 0,94-тен 1,2-ге дейінгі аралықты қамтиды. Ал Кларк бойынша
көрсеткіш, сəйкесінше, 0,71-ден 1,21-ге; 0,74-тен 1,2-ге; 0,65-тен 1,0-ге дейінгі аралықты қамтиды.
Мұндай айырмашылықтар, қорек жетіспеушілігі кезіндегі түрішілік бəсекелестікке байланысты
болуы мүмкін. Балықтың қозғалысына байланысты, пластикалық көрсеткіштер: арқа қанатының,
кеуде жəне құрсақ қанаттарының орналасуы, құйрық қалақшасының ұзындығы көп ауытқуға
ұшырамаған. Зерттеу жүмыстарнан алынған нəтижелер теңбіл талма балығының түрлі мекен ету
орталарына бейімделуге қабілетті екенін көрсетті, сондықтан, оның мекен ету ареалының
қысқаруының басты себебі, бөгде түрлерді жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуі.
Ғылыми жетекші б.ғ.к. доцент Мамилов Н.Ш.