"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ДАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АССОЦИАЦИЯНЫҢ



Pdf көрінісі
бет78/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ДАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АССОЦИАЦИЯНЫҢ  
ДИНАМИКАСЫНЫҢ АУА – РАЙЫ  ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ 
 
Мырзалиева А.Ж. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
ako_aknur_96@mail.ru
  
 
Фитомассаның  динамикалық  қоры  2017  жылдың  вегетациялық  кезеңінде  қарастырылды. 
Биогеоценоздардың  органикалық  заттарды  өндіруі  оның  қолайсыз  ортадағы  экологиялық  жағдайы 
мен төзімділігінің  көрсеткіші болып саналады. Мұндай зерттеулердің əдістемесі Н.И.Базилевич пен 
А.А.Титлянова  еңбектерінде  қарастырылған.  Жер  асты  фитомассасы  0  –  35  см  қабаттан  алынды, 
өйткені тамырдың негізгі белсенді жəне өнімді массасы осы қабатта шоғырланған. 
Фитомасса қорының көрсеткіштері өз алдына блоктар бойынша анықталады: Ф – жасыл масса, 
В – ветошь, П – төсеніш, R – тірі тамырлар, V – өлі тамырлар.  


54 
 
  Зерттелген ауданда ақжусан формациясы бір бетегелі – ақжусанды ассоциациядан тұрады, ол 
кешен  территориясының  30%  -  ын  алады  жəне  ашық  –  қызғылт  топырақтардағы  микроплакорлар, 
микробеткейлер, микросайларда кездеседі.  
   Ақселеу  –  бетегелі  ассоциациясы  (Stipa  capilata-Festuca  valesiaca)  көп  доминаттылықпен 
сипатталады.  Доминантты  түрлерге  Stipa  capilata-Festuca  valesiaca  жатады.  Ақселеу  –  бетегелі 
ассоциациясы  аз  өнімді,  өйткені  қолайсыз  гидротермиялық  жағдайда  орналасқан.  Жасыл  массаның 
белсенді (30, 80 ц/га) жəне максимальды өсуі мамыр айына келеді. 
Тамыз  айында  жасыл  масса  қорының  азайғаны  (12,  70  ц/га)  байқалды.  Оның  себебі 
шалғындықтағы  жоғары  температура  (+34,2°C),  бұл  уақытта  топырақ  кеуіп,  өсімдіктердің  өсуі 
тоқталыс  кезеңінде  болды.  Сонымен,  қыркүйекте  фитомасса  қоры  тамызбен  салыстырғанда  бірте  – 
бірте R қатынасы (В + LI + V/R + Ф) қыркүйек айында 1  – ге тең, ал басқа айларда бірден кіші, ол 
бірлестіктің  экстремальды  жағдайларға  төзімділігін,  қолайсыз  жағдайларда  жасыл  массаның  өлуін 
жəне оның ветошь пен төсенішке ауысуын көрсетеді. Ақселеу – бетегелі ассоциациясының 5 айдағы 
орташа фитомасса қоры 136,6 ц/га – ға тең. 
Ветошьтардың  максимальды  қорын  біздер  күзгі  периодта  10,00  ц/га  екенін  белгіледік.  Тірі 
тамырлардың максимальды қоры тамызда 78,55 ц/га, ал минимальды қоры қыркүйекте 41,65 ц/га тең 
болды. Тірі тамырлардың орташа қоры 68,04 ц/га – ды құрайды. 
Ақтөбе  облысы,  Мұғалжар  маңындағы  ақселеу  –  бетегелі  ассоциациясының  продукционды  – 
деструкционды процесінің динамикасы, 2017 жыл,(52,90ц/га). Қарастырылған ассоциацияларда өлу–
ыдырау процестерінің ритмикасы даму ырғағымен жəне ауа – райы жағдайымен байланысты. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., Атаева Г.М. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет