ТҰҚЫМ СЕБУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ РАПС ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ Мухидинова Д. Р.
Аймақтық Əлеуметтік-Инновациялық Университеті biologiya_dsh@.mail.ru
Соңғы кезде Қазақстанда майлы өсімдіктердің егіс көлемі 2-3 есе артқаны байқалды. Алайда,
өндіріс əлі тұтыну деңгейіне дейін көтеріле алмағандықтан Қытай, Ресей, Украина жəне басқа
елдерден тасымалдау біздің елдегі сұраныстың 85%-дан астамын құрап отыр.
Кез-келген дақылдың өнімділігін көтеретін негізгі ықпалдардың бірі- себу мерзімі.Тұқым
себер алдында топырақ өңдеу жұмыстары жүргізілді. Дəннің біркелкі жəне тығыз қабатқа орналасуы
үшін тегістеу жəне малалау жұмыстарының орны ерекше. Себу мерзімі 4 нұсқада орындалды. Ерте
топырақ қабаты 2-4
0
С, ертелеу 4-6
0
С,орташа 6-8
0
С жəне кештеу 8-10
0
С температура аралықтары.Рапс
дақылы үшін ең қолайсыз себу кезеңдері 1 жəне 4 нұсқаларда болды.Себебі ерте сепкенде жылу ал
кештеу себу мерзімінде ылғал жеткіліксіз болып шықты. Жоғары өнімділік көрсеткіштерді ертелеу
сепкендегі нұсқа көрсетті ( 18,4 ц/га). Себу мерзімдерінің дақылдың өнімділігінің байланысын өнім құрайтын элементтердің
орташа мəндерінен көруге болады. 3 нұсқадағы 1өсімдіктегі бұршаққын саны 23,2 дана болып
бақылаудан 0,8-1,0 дана артық шықты. Қалған нұсқаларда тиісінше:17,9;20,3 дананы құрады.
Рапс өсімдігінің қалыңдығы мен бойының биіктігінің көрсеткіштері талдау нəтижесінен
белгілі болғандай, жылдық орташа тұқым өнімінің ең төменгі өлшемдері 4 нұсқадан топырақ қабаты
8-10
0
С жылынған мерзімде жүргізілген егістен алынды (12,2 ц/га немесе бақылаумен
салыстырғанда 73,0%). Жоғары да көрсетілген аталған құрылым элементтердің мəндері
байланысты ертелеу мерзімде (0-5 см топырақ қабаты 4-6 °С жылынуы) егілген рапс 19,0 ц/га
тұқым өнімін беріп, қомақты қосымша өнім мөлшерімен бақылаудан 15% басымдық көрсетті.
Өсімдіктің өніміне əсер ететін факторлардың бірі- тұқым себу тереңдігі. Тұқымдық дəнді
топыраққа сіңіру тереңдігі дəннің топыраққа дұрыс сіңуін қамтамасыз етеді жəне өсімдіктің
түптеніп, жақсы өніуіне айтарлықтай маңызы зор. Тəжірибе жұмыстарында тұқым себу
тереңдіктері 1-2см, 3-4см, 5-6см жəне 7-8см аралықтарынд жүргізілді. Нəтижелер көрсеткендей,
рапстың тұқым себу тереңдігінің оның өнгіштігіне жəне өсімдіктердің сақталуына əсері 2 нұсқада
жоғары ( 3-4см). Далалық өнгіштігі бойынша 81,2%, өркен саны 404,8% ал өсімдіктер саны 46,0
дана.
Бақылау тобы бойынша бұл көрсеткіштер тиісінше 73,8%, 369,7%,39,8:
53
Тəжірибе жұмыстарындағы нəтижелер көрсеткендей рапс дақылының оңтүстік өңірде себу
мерзімдерінің қолайлы мерзімі ертелеу яғни сəуірдің алғашқы онкүндігінде жүргізу тиімді нəтиже
береді. Ғылыми жетекшісі: а.-ш.ғ.к.Суримбаева Күлайша