"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ POACEAE BARNHART ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет95/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   372
ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ POACEAE BARNHART ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ 
БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ 
 
Сайлауова Г.  
əл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Университеті 
beerikbolkyzy@mail.ru
  
 
Іле-Балқаш  аймағының  флорасы  əлі  күнге  дейін  жеткілікті  зерттелмеген.  Геоботаникалық 
тəжірибелердің бай болуына қарамастан Іле-Балқаш аймағының флоралық құрамы əлі анықталмаған. 
Шалғындар шөлденіп, топырақтың су сіңіруі төмендеп, олар кеуіп жатыр. Сол себептен Іле-Балқаш 
маңының  өсімдіктер  жабынын  жақсарту,  ресурстық  потенциал  мен  биоалуантүрлілікті  сақтау  үшін 
шаралар  ұсынылады.  Мұндай  шаралардың  бірі  флораны  инвентаризациялау  жəне  аймақтық 
электронды  база  мəліметтерін  жасау  болып  табылады.  Іле-Балқаш  аймағының  флорасын 
инвентаризациялау  жəне  Poaceae  Barnhart  тұқымдасын  толық  талдау,  тиімді  пайдалану  шараларын 
жасау, сирек, эндемдік өсімдіктерді анықтау жəне оларды қорғау өзекті болып табылады.  
Poaceae  Barnhart  Қазақстан  флорасындағы  ірі  тұқымдастардың  бірі.  Олар  маңыздылығы 
жағынан  астықты  жəне  азық-түліктік  өсімдіктер  ретінде  айтарлықтай  маңызға  ие.  Систематикалық 
талдауда  морфологиялық  белгілері  аса  күрделі,  сондықтан  да  морфологиялық  құрылыс 
ерекшеліктеріне қарай нақты атауларын қажет етеді. Poales қатарының кең таралған Poaceae Barnhart 
тұқымдасына  8000-40000  түр,  700  туыс  кіреді.  Бұл  тұқымдас  Magnoliophyta  бөлімі,  Liliopsida 
класының ішіндегі ең үлкені. Олардың ішінде көпшілік түрлері барлық құрлықтарда кең таралған  - 
космополиттер. Түрлердің көптігінен қоңырбастар тұқымдасы елімізде алдыңғы қатарда, ал астықты 
жəне  азық-түліктік  өсімдіктер  ретінде  мейлінше  маңызды.  Көп  жағдайда  қоңырбастар  тұқымдасы 
шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым.  
Зерттеу  жұмысының  нəтижесінде  Іле  өзенінің  төменгі  ағысына  далалық  экспедицияға  шығу 
барысында  қоңырбастар  тұқымдасынан  мынадай  түрлер  жиналып,  өңделді:  Achnatherum  splendens 
(Trin.)  Nevski,  Aelиropus  littoralis  (Gouan)  Parl.,  Agropyron  fragile  (Roth)  P.  Candargy,    Alopecurus 
aequalis Sobol., Bromus japonicus Thunb, , Bromus tectorum L., Calamagrostis epigeios (L.) Roth, Chloris 
virgata  Sw.,  Cynodon  dactylon  (L.)  Pers.,  Deschampsia  cespitosa  (L.)  P.  Beauv.,  Elymus  angustus  Trin.
Elymus  giganteus  Vahl,  Eremopyrum  bonaepartis  (Spreng.)  Nevski,  Eremopyrum  orientale  (L.)  Jaub.  et 
Spach, Eremopyrum triticeum (Gaertn.) Nevski, Phragmites australis (Cav.) Trin. ex Steud.Poa bulbosa L, 
Setaria viridis (L.) P. Beauv., Stipa capillata L., Stipa lessingiana Trin. & Rupr. –, Stipa orientalis Trin. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет