СТУДЕНТТЕРДІҢ ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАКСИМАЛДЫ АЭРОБТЫ ҚУАТЫН БАҒАЛАУ Ерманова Н.А., Рахметова Г.Ж.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
nesip.vol@mail.ru
Жұмысқа қабілеттіліктің ең маңызды компоненті организмнің аэробты өнімділігі болып
табылады.
Студенттердің функционалдық дайындығын оңтайландырудың жəне оқу үрдісінің
тиімділігін арттыруға арналған құралдардың бірі организмнің белгілі функционалдық жүйелеріне,
əсіресе кардиореспираторлық жүйесіне мақсатты əсер ету болып табылады.
Оттегіні максималды пайдалану - жүрек-қантамырлар жəне тыныс алу жүйесінің
функционалды жағдайын жəне жалпы физикалық жағдайды сипаттайтын көрсеткіш, яғни оттегілік
өнімділікті көрсетеді.
Оттегіні максималды пайдалану мөлшері зерттелушінің жасына, жынысына,
физикалық жаттығу деңгейіне байланысты.
Жүрек-қантамырлар жəне кардиореспираторлы жүйесі
қаншалықты дамыған болса, организмде айдалатын қан мөлшері де жоғары болады. Айдалатын қан
көлемі жоғары болған сайын бұлшықетті қоректендіретін оттегіне қаныққан қызыл қан клеткалары
мен энергия өндіру үшін қажетті плазма мөлшері де көп болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: студенттердің тыныс алу жүйесінің максималды аэробты қуатын
oлapдың жaсы мeн жынысынa бaйлaныстыpa oтыpып зepттeу.
Зерттеу объектісі жəне əдістері: Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1, 3, 4
курс студенттері, Кердо индексі, Коротков əдісі, Астранд номограммасы, Гарвардтық степ тесті,
пульсометрия.
Зерттеу нəтижесі: 1,3,4 курс студенттерінің қалыпты жəне жүктемеден кейінгі тыныс алу
жүйесінің, қан айналу жүйесінің көрсеткіштері əртүрлі болды. Мысалы, жүктемеден кейінгі 1 курс
студенттерінде оттегінің максималды пайдалануы 3,4 курс студенттеріне қарағанда жоғары болды.
Сондықтан 1 курс студенттерінің организмнің аэробты қажеттілігін қанағаттандыру үшін тыныс алу
жүйесі қарқынды жұмыс атқаратынын көрсетті. Сонымен қатар, осы студенттердің қанның
систолалық жəне минуттық көлемдері жоғары көрсеткіштерге ие болды. Студенттердің артериялық
қысымы қалыпты жағдаймен салыстырғанда жүктемеден кейін артты. Осылайша, нəтижелер
бойынша, 1 курс студенттерінде организмнің бейімделушілік мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші
кардиореспираторлық жүйе жұмысында біршама кернеу байқалды.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к. доцент Сраилова Г.Т.