Есенбекова А.Е., Аблайханова Н.Т.
əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
arai.199527@mail.ru
Соңғы жылдары ғалымдар медициналық мақсатта қолдану үшін жарамды, энтеросорбент
ретінде ағзадағы улы қосылыстарды (мысалы, метоболизм өнімдері, ауыр металдар, радионуклидтер,
ксенобиотиктер жəне т.б.) шығару үшін жаңа ақпараттарды іздеудегі қызығушылығы артып келе
жатқаны байқалады.
Қaзiргi тaңдa əртүрлі улардан алдын алу мақсатында, жaлпы экспeримeнттiк түрдe aлын aлу
шaрaлaры мeн aурудaн болғaн оргaнизмдeгi өзгeрiстeрдi қaлпынa кeлтiру нeгiзiндe көптeгeн ғылыми
зeрттeу жұмыстaры жүргiзiлудe. Сондықтaн дa бiздiң зeрттeу жұмыстaрымыздa осы улану кeзіндeгі
aлдын aлу жұмыстaры бойыншa сорбeнттeрдi пaйдaлaнуды нeгiзгe aлып отырмыз.
Қазақстан Републикасының медицина саласында өсімдік шикізаттары негізінде алынған
энтеросорбирлеуші препараттар жеткіліксіз шығарылады. Осы мəселеге қатысты, соңғы уақытта
көмекші терапияның ықпалды шарасы ретінде медициналық сорбенттерге деген қызығушылық өсу
үстінде. Фитоэнтеросорбенттер ағзаның тиімді детоксикациясын қамтамасыз ете отырып, өмір
сапасын айтарлықтай жақсартады. Фитоэнтеросорбирлеуші дəрі-дəрмектерге қойылатын негізгі
талаптар: адам ағзасының ішкі ортасына агрессиялы болмауы; умен тығыз байланысқа түсуі жəне өте
көп мөлшерде оларды «ұстап алуы»; сіңіріліп жəне ас қорыту процесін бұзбауы керек; ағзадан
тіршілік етуге қажетті заттарды шығарып тастамауы қажет.
Фитоэнтeросорбeнттeр – aс қорыту жолындa мeтaболитeрдi, уыттaр мeн бaсқa дa зaттaрды
бaйлaныстырудa қолдaнылaтын өнiмдeр. Олaрдың aдaмның дұрыс тaмaқтaнуын рeттeу
мəсeлeлeрiндe, оргaнизмгe экологиялық зиянды зaттaрдың түсуiн aзaйтудa, aурулaрды eмдeу жəнe
профилaктикaдa мaңызы зор.
Зерттелініп отырған жұмыста, уланған егеуқұйрықтардың қан көрсеткіштерінің өзгерісіне, жем
құрамына қосылып берілген фитоэнтеросорбентіне тəуелділігі, фитоэнтеросорбентінің организмнен
токсикалық элементтерді шығарудағы эффективтілігін анықталды.
Зерттеу объектілері ретінде дене массалары 200-220 грамм, үш айлық 36 аталық ақ
егеуқұйрықтар алынды.
Тəжірбие нəтижиесінде ақ лабораториялық егеуқұйрықтарға ауыр метал тұздарымен
созылмалы улану жағдайлары мен қатар фитоэнтеросорбентімен коррекциялау жасалынды.
Зерттеу жұмысын қорытындылайтын болсақ фитоэнтеросорбентінің универсал сорбционды
қасиеттері, антиоксиданттық мүмкіншіліктері қалыпты жағдайда анықталды.
Ауыр металл тұзымен улану кезінде детоксикант ретінде фитоэнтеросорбентін қолдану
қанның гематологиялық көрсеткіштерінің айтарлықтай қалпына келуін қамтамасыз етеді. Аталмыш
энтеросорбент организмнің инфекцияларға, жағымсыз экологиялық факторларға төзімділігін
жоғарылатып, маңызды коррекциялық рөл атқаратыны анықталды. Фитоэнтеросорбенті
жануарлардың ішкі мүшелерінің морфологиялық өзгерістеріне жағымсыз əсерлерді төмендетеді жəне
созылмалы интоксикация кезінде ағзаны токсиканттардан тазалағыш болып табылады.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к,. доцент Аблайханова Н.Т.