"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ



Pdf көрінісі
бет148/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Ерназарова К.Б. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы қ. 
 
kamilya_002@mail.ru
 
 
Қазіргі  таңда  Қазақстанның  жоғары білім беру жүйесі  жаңа кезекті  жаңғыру  кезеңінен  өтуде. 
Оқу  жоспарлары  мен  жас  мамандарды  дайындау  бағдарламалары  жаңартылуда.  Өз  кезегінде, 
оқытушылардың кəсіби-педогогикалық даярлық дəрежесіне жоғары талаптар қойылуда. Осыған орай, 
соңғы  уақытта  студенттердің,  магистранттардың,  оқытушылардың,  факультеттер  басқармасының, 
университеттердің  жоғары  оқу  орындарында  мамандарға  тəрбие  мен  білім  берудің  инновациалық 
технологияларына қызығушылық артып келе жатыр. 
Мұғалімнің  педагогикалық  біліктілігін  көтеру  үшін  оқытушылық  құндылықтарды, 
инновациялық 
технологияларды, 
ақпараттық-интерактивтік 
техникаларды, 
шығармашылық 
тəжірибелерді пайдалану білім берудің тиімді, нəтижелі əдісіне жатады.  Заманауи талаптағы мұғалім 
кəсіби  шеберлігін  жетілдіретін  жаңа  стильдегі  тұлғалық-адамгершілік  бағыттарын,  педагогикалық 
шындықты жəне ондағы үздіксіз іс – əрекетті, жүйелі түрде қабылдау қабілеттерін, пəн саласындағы 
еркін  бағытты  меңгеріп  жəне  қазіргі  педагогикалық  технологияларды  игеруі  тиіс.  Білім  беру 
талаптарын  өзгерту  біліктілікті  арттыру  жүйесін  жаңашылдандыру  міндетін  алға  қояды,  ал  оның 
мақсаттарын жүзеге асыру біздің  алдымыздағы міндетіміз.  
Инновацивлық  технологиялардың  оқу  үдерісінде  маңызы  ерекше,  себебі  қоғамның,  ғылыми 
технологиялардың  дамуымен  бірге  білім  беру  жүйесі  де  күннен  күнге  жаңарып,  оқыту  əдістері 


101 
 
жетілдіріліп жатыр. Сонымен байланысты бүкіл əлемнің даму үрдісімен ілесу үшін жəне оқушыларға 
əлемдік дірежеде білім беруіміз үшін осы жаңа технологияларды меңгеріп, үйренуіміз қажет.  
Соңғы  жыл  ішінде  шет  елдерде  инновациялық  технологиялардың  білім  беру  саласында 
маңызды орын алып жатқанын, баспаға шығып жатқан мақалалардан жəне кіраптардан байқауымызға 
болады.  
Қорыта келе, қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңашыл педагогикалық технологияларын 
меңгермейінше сауатты, жан -жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа инновациялық технологияларды 
меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кəсіптік  жəне  басқа  көптеген  келбетінің  қалыптасуына  игі 
əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Ғылыми жетекші: PhD Абдрасулова Ж.Т. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет