"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ҚАЗАҚСТАН ҚОҢЫР КӨМІРЛЕРІНІҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет325/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ҚАЗАҚСТАН ҚОҢЫР КӨМІРЛЕРІНІҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ 
ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Тастамбек Қ.Т., Бердіқұлов Б.Т., Цяо Сяохуэй 
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология жəне биотехнология проблемалары 
Экология мəселелері 
tastambeku@gmail.com
  
 
Қазақстан көмір қоры жағынан алып мемлекеттердің өзінен озып алғашқы ондықтың құрамына 
кіретіні  бұрыннан  белгілі.  Алайда,  елімізде  көмір  қоры  таусылмайтындай  елестетеміз.  Қарағанды, 
Нарынқол, Ленгер жəне Екібастұздан өндірілетін көмірлердің қоры шектеулі. Бұл  – бірінші мəселе. 
Екіншісі, жанған немесе жарамсыз көмірлердің тау болып үйіліп жатуы, оның пайдаға аспауы болып 
отыр.  Əлбетте,  көмірдің  қалдығы  топырақты  ластайды,  оны  тазалау  оңай  жұмыс  емес.  Көмір 
қалдықтары  жаңбыр  мен  қардың  əсерінен  аспаннан  түскен  ауыр  металдармен  əрекеттесіп 
топырақтың  терең  қабаттарына  сіңеді,  жел  соқса  басқа  жаққа  ұшады.  Бірақ,  технология  күн  сайын 
дамып жатыр, қалдықсыз өнімдер шығару алдыңғы орынға шығып отыр.  
Коммуналдық-тұрмыстық  жəне  өнеркəсіп  секторында  жанатын  көмір  отынының  күкірт 
қосылыстары  аз,  түтіні  аз,  күл  көлемі  төмен  жəне  құрылымды-гранулометрикалық  құрамында 
болатын  өнімді  алу  үшін  оның  микробиологиялық  алуантүрлілігін  жəне  түрлі  физико-химиялық 
параметрлерін  анықтап  алу  керек.  Соның  бастамасы  ретінде,  микробиологиялық  алуантүрлілігі 
анықталып, көмірдің күлділігі мен ылғалдылығы зерттелді. 
Микробиологиялық  алуан  түрлілігіне  тоқталатын  болсақ,  алынған  4  көмір  сынамаларынан 
(Екібастұз, Қарағанды, Ойқарағай, Ленгер) 5 бактерия (RKB1, RKB2, RKB5, RKB7, RKB10) жəне 2 
саңырауқұлақ  (RK1,  RK2)  бөлініп  алынып,  идентификацияға  «Majorbio»  компаниясына  (Қытай) 
берілді.  Анықталған  бактериялар  мен  саңырауқұлақтар  төмендегіндей  нəтиже  көрсетті:  RKB1-
Acinetobacter sp., RKB2-Bacillus subtilis strain, RKB5-Delftia sp., RKB7-Bacillus pumilus strain, RKB10-
Providencia sp., RK1-Aspergillus sp., RK2-Neosartorya sp. 
Сынамалардың  физикалық  қасиеттерін  зерттеу  мақсатында  300ºС  муфта  пешіне  салынды, 
температураны  біртіндеп  830ºС-қа  көтергеннен  соң  1,5  сағат  ұсталды.    Алынған  сынамалардың 
күлділігін  анықтауда 
А = (m3 − m1) ∗ 100/(m2 − m1)  формуласы  қолданылды.  Мұндағы  m
1
-
ыдыстың салмағы,
 
m
2
-ыдыс пен көмірдің салмағы,
 
m
3
-ыдыс пен қалған күлдің салмағы. Нəтижесінде, 
YLI-10%, KLI-1%, LLI-30%, OLI-9% күлділікті көрсетті. Сынамаларды 60 минутқа 105-110
0
С салып, 
60  минуттан  соң  10  минут  сайын  салмағы  тұрақтанғанша  тексеру  керек. Ылғалдылықты  анықтауда 
𝑊 = 𝐺1 ∗ 100/𝐺  формуласы  қолданылды.  Мұндағы  G
1
-  тəжірибе  соңында  алынған  салмағы,  G-
бастапқы  салмағы.  Алынған  нəтижеге  сүйенсек,  YLI-0,59%,  KLI-0,29%,  LLI-0,09%,  OLI-0,45% 
ылғалдылық көрсетті. 
Осы  параметрлерімен  қоса  құрамындағы  элементтерін  жəне  бөлінетін  күкірт  мөлшерін  
анықтау арқылы көмірдің сапасына баға беріледі. Барлық нəтижеге сүйене отырып, сапасын жақсарту 
мақсатында жұмыстар жүргізіледі. 
 Ғылыми жетекшісі: PhD доктор, доцент Акимбеков Н.Ш.    
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет