"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ӨҢДЕЛМЕГЕН ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ӘСЕРІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ ҮШІН БИОТЕСТТЕРДІ



Pdf көрінісі
бет324/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
ӨҢДЕЛМЕГЕН ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ӘСЕРІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ ҮШІН БИОТЕСТТЕРДІ 
ҚҰРАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Тастамбек Қ.Т.,
 
Мəлік А.М. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
Экология мəселелері 
ku_27@mail.ru 
 
2001  жылы  Қазақстан  Республикасының  Табиғи  ресурстар  жəне  қоршаған  ортаны  қорғау 
министрлігі  мен  UNEP  Chemicals  арасындағы  2001  жылғы  8  қаңтардағы  өзара  түсіністік  туралы 
Меморандумға 
сəйкес 
ескірген 
жəне 
қолдануға 
жарамсыз 
пестицидтерді 
алдын-ала 
инвентаризациялау жүргізілді жəне баяндама дайындалды. Сонымен қатар Орталық Азия аймақтық 
экологиялық  орталығының  қолдауымен  ""Greenwomen"  экологиялық  жаңалықтар  агенттігі" 
(Қазақстан) ХЖҰ жобасы іске асырылды. 
Зерттеуді  жүзеге  асыру  барысында  пестицидтердің  жоғары  токсинділігі  немесе  экологиялық 
қауіптілігінен,  оларға  деген  сұраныстың  төмендеуінен,  сақтау  кезіндегі  төмен  тұрақтылығынан, 
қораптаудың  тұтастығының  бұзылуынан  Республикадағы  өсімдіктерді  қорғауға  арналған  химиялық 
заттардың  бұрынғы  сақтау  аймақтарында  тыйым  салынған,  қолдануға  жарамсыз  пестицидтердің 
жинақталу мəселесі тұрғаны анықталды. Ескірген пестицидтер сақтау талаптарына сəйкес келмейтін 
қоймаларда  сақталады.  2001  жылғы  UNEP  мəліметтері  бойынша  ескірген  пестицидтерді 
инвентаризациялау  нəтижесінде  Республикада  1500  тонна  тыйым  салынған  қолдануға  жарамсыз 
пестицидтер  жəне  олардың  құрамы  белгісіз  қоспалары  табылды,  ал  2008  жылы  олардың  мөлшері 
10000 тоннаға жетті. 
Осылайша,  ластау  көздерінің,  адамдардың  денсаулығы  мен  қоршаған  ортаның  сапасына 
экологиялық жəне генетикалық қауіп тудыратын ескірген, қолдануға жарамсыз пестицидтердің нақты 
саны  қанша  екендігі  əлі  күнге  дейін  белгісіз.  Өсімдіктерді  қорғауға  арналған  химиялық  заттардың 
бұрынғы  сақтау  аймақтарындағы  топырақ  хлорорганикалық  пестицидтермен  ластанған,  олардың 
концентрациясы ШРК-дан 114 есе жоғары. 
Əлемде  ескірген  пестицидтерді  жоюдың  жалпыға  бірдей  қабылданған  схемаларына  сəйкес 
оларды жабық қоймаларда жəне жер асты орындарында сақтау керек. 
Тек  қана  Алматы  облысында  өсімдіктерді  қорғауға  арналған  химиялық  заттардың  64  сақтау 
аймақтары  табылып  жəне  зерттелді.  Бұл  аймақтар  қоршаған  ортаны  ластаудың  қауіпті  ошақтары 
болып  табылады.  Олардың  сипаттамалары  бойынша  жəне  оларды  жою  үшін  шұғыл  шара  қолдану 
керек. 
Зерттеу  жұмыстарының  негізгі  мақсаты  –    химиялық,  физикалық  жəне  микробиологиялық 
əдістерді  қолдана  отырып,  пестицидтердің  қойма  алаңдарына  жақын  жерде  экологиялық 
нысандардың физикалық-химиялық жағдайын жəне микробтық əртүрлілігін зерттеуді жүргізу болып 
табылады. 
Алынған  нəтижелерге  сүйене  отырып,  Алматы  облысы  тұрғындарының  денсаулығы  мен 
генетикалық жағдайына өңделмеген пестицидтердің əсерін кешенді бағалау жүргізіліп, қаншалықты 
зиян екенін білуге жəне соның алдын алу шараларына байланысты жұмыстар жүргізуге болады. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Уалиева П.С. 
 


221 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет