"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АҚТӨБЕ АЙМАҒЫ МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет49/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   372
Байланысты:
thesis114326

АҚТӨБЕ АЙМАҒЫ МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАРЫНЫҢ 
КЕЙБІР ӨКІЛДЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Жеңіс А. Ғ. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
serim2017@mail.ru
  
 
Қазақстан  аумағында  бауырымен  жорғалаушылардың  шамамен  51  түрі  мекен  етсе,  Ақтөбе 
аймағына келетін болсақ бұл аймақта бауырымен жорғалаушылардың шамамен 24 түрі мекен етеді. 
Мəртөк ауданында кездесетін бауырымен жорғалаушылардың кейбір өкілдерінің биологиялық 
ерекшеліктеріне  тоқтайтын болсақ: 
Батпақ тасбақасы (Emys orbicularus). Панцирі жалпақ тегіс, ұзындығы 25 см —дей, майда сары 
дақты  қоңыр  реңді  болады.  Құрсақ  панцирі  көлденең  жалғамада  сары  немесе  бурыл  түсті.Шалшық 


35 
 
тасбақасының сүйікті орны шалшықты түпті жəне ашық жерде күнге қыздыруға ыңғайлы орындарда 
шалшык,тоған,көлдерде  мекендейді.Мамыр  айының  ортасында  өткен  жылы  ұрықтанған  алғашқы 
жұмыртқаларын  салады.Сонан  соң  маусым  айында  екінші,  ал  шілдеде  үшінші  жұмыртқа  салу 
кезеңін бастайды. 
Ақтөбе аймағында кездесетін кесірткелер 3-тұқымдасқа бірігеді: олар жармасқы тұқымдасы 
(Gekkonidae  тұқымдасы),агамалар  тұқымдасы  (Adamidae  тұқымдасы),  нағыз  кесірткелер 
тұқымдасы (Lacertidae тұқымдасы). 
Мəртөк  ауданында  жармасқы  тұқымдасының  өкілі  сцинкті  геккон  (Teratoscincus  scincus
кездеседі.Денесін дөңгелек тақта тəріздес кабыршак жапкан,ал басына қарай дəнек тəрізді қабыршақ 
жапқан. Жалпы ұзындығы 16 см -ден аспайды,оның 3/1 құйрық алып жатыр. Екі жасында жыныстық 
жағынан жетіледі.Олар негізінен түнде белсенді тіршілік етеді.Сцинкті геккон ін қазады жəне кейібір 
жануарлардың інін пайдалануы мүмкін.  
Кесірткелер тұқымдасының (Lacertidae тұқымдасы) секіргіш кесірткесі кездеседі. Денесінің 
жалпы ұзындығы 9-11 см. Реңі жəне денедегі таңбалары өте өзгермелі. Жастарының аркасы қоңыр-
сұр  не  қоңыр,  ортасынан  үзына  бойында  бір  немесе  екі  жиегі  ақшыл,  қара  жолағы  болады  жəне 
бүйірінде 1-2 қатар ақшылдау «көзшелер» орналасады. 
Мəртөк  ауданында  жыландардың  келесі  тұқымдастары  тіршілік  етеді:  сарыбас  жəне 
сұржыландар  тұқымдасы.  Сарыбас  жыландар  тұқымдасының  өкілі  кəдімгі  сарыбас  жылан  (Natrix 
natrix) жəне су сарыбас жыланы кездеседі. Кəдімгі сарыбас жылан (Natrix natrix) басқа жыландардан 
екі  үлкен  басынаң  бүйір  жағындағы  орналасқан  ақшыл  түсті  дақтармен  (қызғылт  сары,сары) 
ерекшеленеді.  Сұржыландар  тұқымдасының  өкілі  дала  сұржыланы.Дене  ұзындығы  35  -45  см-ге 
дейін  улы  жылан.Басы  денесінен  айқын  бөлінген  жəне  тұмсығы  үстінде  бұрыс  пішінді 
қалқандармен  жабылған.Əртүлі  далаларда  су  жағалауларында,сортаңды  шөлейттерде    жəне 
құмдарда мекендейді. 
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы,магистр. Сырымбетов С.Т. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет