"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет51/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
 
 
БАЙҒАНИН АУДАНЫ ЖЕМ ӨЗЕНІНІҢ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ БИОАЛУАНДЫЛЫҒЫ 
 
Жолдас А. М. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
serim2017@mail.ru
  
 
Жем  өзені  ұзындығы  712  км,  Ақтөбе жəне Атырау облыстары  жерімен  ағып  өтеді.  Жем  өзені 
Мұғалжар  тауларынан  бастау  алып,  Каспий  теңізіне  құяды.  Суы  көктемде  тасиды.  Кей  жылдары 
теңізге  жетпей,  сорға  сіңіп  кетеді. .Негізінен  қар  суымен  толығады.  Қарашада суы  қатып, сəуірде 
ериді. Əдебиет көздеріне сүйенетін болсақ, Жем өзенінің ихтиофаунасы балықтардың  6-отрядқа,8 -
тұқымдастығына  жатқызылатын  23  түрінен  тұратыны  анықталды.  Оларды  реофильдік,  ағынды 
суларды  мекендейтін  (подуст),  лимнофильдер,  тоғандар  мен  көлдердегі  тұрақты  суларды 
мекендейтіндер  (мөңке,  оңғақ,  қызылқанат)  жəне  жалпы  тұщы  сулы,  тұрақты  сулармен 
қатар  ағынды  суларды  мекендейтіндер  (шортан,  алабұға, торта  балық)  деп  айырады. 
Жем өзенінде мекен ететін балықтардың ең басым түрлері Тұқытəрізділер отрядының өкілдері.  
Жем өзенінде балықтардың келесі отрядтарының өкілдері  кездеседі: 
1.Шаншар-балықтəрізділер  отряды  –  Отряд  Колюшкообразные    Gasterosteiformes  –  Отряд 
тармағы  Шаншар-балықтектестер  –    Подотряд  Колюшковидные  Gasterosteoidei  –Тiкенектiлер 
тұқымдасы–Семейство Колюшковые – Gasterosteidae. 
2. Тұқытəрізділер отряды –  Отряд  Карпообразные – Cypriniformes  
Отряд тармағы Тұқытектестер – Подотряд Карповидные – Cyprinoidei  
Тұқылар тұқымдасы – Семейство Карповые –   Cyprinidae. 
3. Алабұғатəрізділер отряды –  Отряд Окунеобразные – Perciformes  
Отряд тармағы Алабұғатектестер – Подотряд Окуневидные–Percoidei Алабұғалар тұқымдасы – 
Семейство Окуневые Percidae. 
Шырма-балықтар тұқымдасы – Семейство Вьюновые – Сobitidae 
Бұзаубас-балықтар тұқымдасы – Семейство Бычковые – Gobiidae 
4.Жайынтəрізділер отряды  –  Отряд  Сомообразные –  Siluriformes 
Жайындар тұқымдасы –  Отряд  Сомовые – Siluridae 
5.Албырттəрізділер отряды– Отряд Лососеобразные  – Salmoniformes 
Шортандар тұқымдасы –  Семейство  Щуковые – Esocidae 
6.  Тұқытістітəрізділер отряды –  Отряд Карпозубые  – Cyprinodontiformes  
Гамбузилар тұқымдасы – Семейство Гамбузиевые – Poecilidae 
Жем өзенінде Албырттəрізділер отрядының бір ғана тұқымдасы, Алабұғатəрізділер отрядының 
екі тұқымдасы, Шаншар-балықтəрізділер отрядының бір тұқымдасы, Тұқытəрізділер отрядының бір 
тұқымдасы,  Жайынтəрізділер  отрядының  бір  тұқымдасы,  Албырттəрізділер  отрядының  бір 
тұқымдасы, Тұқытістітəрізділер отрядының бір тұқымдасы кездеседі. 
Балықтардың  уылдырық  шашу  кезеңі  наурыз-сəуір  айларында  өтеді.  Негізгі  кəсіби  маңызды 
болып  саналатын  балықтар  түрлері:  көксерке,сазан,мөңке  ,  табан  ,  торта  .  Тұқылар  тұқымдасы 
балығы өте бағалы, зор кəсіпшілік маңызы бар балық. Оның еті дəмді жəне қоректік сапасы жағынан 
басқа көптеген балықтардан жоғары тұрады. Етінің майлылығы 4,1%, ақуызы -16,5 %.  
Ғылыми жетекшісі: Сырымбетов С.Т., аға оқытушы,магистр. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет