"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ІЛЕ АЛАТАУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН  MENTHA PIPERITA L. ӨСІМДІГІНІҢ



Pdf көрінісі
бет61/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   372
ІЛЕ АЛАТАУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН  MENTHA PIPERITA L. ӨСІМДІГІНІҢ 
ЖАПЫРАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Куан Л. 
Əл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Университеті 
quanlazat@gmail.com
  
 
Дəрілік  өсімдіктердіӊ  бірі  -  жалбыз.  Ол  -  хош  иісті,  көп  жылдық  шөптесін  өсімдік.  Мentha 
piperita  L.  өте  пайдалы  дəрілік  қасиетті  жоғары  медицинада  кеңінен  қолданылуда.  Қазіргі  таңда 
барлық  ғаламшардың  түкбірінде  бүйрек,  бауыр,  жүрек  ауларын  емдеу  жолында  қолданыс  табуда. 
Мentha piperita L. құрылымын зерттеу өзекті мəселеге айналуда.  
Mentha  piperita
  L. 
өсімдігінің  жaпырaқ  тaқтaсы  қосжарнақты  өсімдіктердің  тақтасына  тəн. 
Жапырақтың  құрылымы  жоғарғы  жəне  төменгі  эпидермис  клеткасынан,  бағаналы  жəне  борпылақ 
мезофилл ұлпаларынан, өткізгіш шоқтың ксилема жəне флоэма элементтерінен тұратындығын айқын 
байқауға  болады.  Жоғарғы  эпидермис  клеткалары  бір  тізбек  бойымен  орналасқандығы  байқалады. 
Оның  сыртын  кутикулaның  қaлың  қaбaты  жaуып  тұрaды  жəне  устьицaлaрының  сaны  aз,  көптеген 


43 
 
трихомалардан  тұратындығын  байқау  болады.  Жaпырaқ  тақтасының  қалыңдығы  0,706  ±  0,22  мкм. 
Жоғарғы  эпидермис  клеткасының  қалыңдығы  0,61  ±  0,11мкм.  Жaпырaқтың  жоғарғы  эпидермис 
қалыңдығы көзге айқын көрінеді, клеткалары тығыздалып қатарласа орналасқан, жоғарғы эпидермис 
клеткасының  үстіңгі  қабатында  трихомалары  бірнеше  қатарласа  орналасқан.    Жапырақтың  төменгі 
эпидермис клеткасының қaлыңдығы 0,38 ± 0,24 мкм. 
Бағаналы  ұлпа  жасушаларының  пішіні  бағана  немесе  діңгек  тəрізді  болып,  үстіңгі  эпидерма 
жасушаларына  көлденең  бағытта,  өзара  тығыз  орналасады.  Бағаналы  ұлпа  жасушаларында 
жапырақтағы  барлық  хлоропластардың  негізгі  бөлігінде  орналасқан,  соңдықтан  жапырақтардың 
үстіңгі  беті  қою  жасыл  түсті  жəне  негізінен  фотосинтез  қызметін  атқарады.  Бағаналы  мезофилл 
ұлпасының  орналасуы  баға  тəрізді  қатарласа  орналасқан,  клетка  қалыңдығы  0,295  ±  0,55  мкм. 
Борпылдақ ұлпа жасушалары сопақтау əр түрлі пішінді, олар бір  - бірімен тығыз жанаспай жасуша 
аралық  кеңістіктер  қалдырып,  астыңғы  эпидермиске  таяу  орналасады.  Бұларда  хлоропластардың 
саны  бағаналы  ұлпамен  салыстырғанда  кем,  сондықтан  фотосинтез  қарқындылығы  төмен  болып 
келеді. Негізінен борпылдақ ұлпа арқылы ауа алмасу жəне транспирация жүзеге асады. 
Mentha  piperita  L.  өсімдігінің  борпылдақ  ұлпаның  бағаналы  ұлпамен  жанасып  жатқан  біраз 
жасушалары  арнаулы  қызметтер  атқарады.  Бұлар  жинағыш  жасушалар  болып  табылады.  Бағаналы 
ұлпаның  екі,  үш  жасушасына  жинағыш  жасушалардың  біреуі  жанасады  да,  онда  фотосинтездің 
нəтижесінде пайда болған органикалық заттар ерітінділерінің сүзгілі түгік арқылы тезірек жылжуына 
əсерін тигізеді. 
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Б.М. Тыныбеков 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет