"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ ASTERACEAE BERCHT



Pdf көрінісі
бет73/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ ASTERACEAE BERCHT. 
ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Муратбек Ж. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  
a.zh.childabaeva@gmail.com
 
 
Қазақстанда  биологиялық  алуантүрлілікті  сақтау  мақсатында  түрлік  алуантүрлілік 
нысандарының  жағдайын  бағалау  жəне  инвентаризациялауға  арналған  шараларды  жүзеге  асыру, 
ерекше  қорғалатын  табиғи  территорияларды  арттыру  жəне  заманауи  табиғи  жəне  антропогендік 
процестер  есебінен  бұзылған  территорияларда  сирек  түрлерді  жасанды  өндіру  жəне  қайта  қалпына 
келтіру  көмегімен  сирек  түрлердің  табиғи  популяцияларын  сақтау  қажет.  Инвентаризациялауды 
қажет  ететін  биоалуантүрлілік  нысандарының  бірі  Іле  өзенінің  төменгі  ағысының  флорасы  мен 
Asteraceae Bercht. тұқымдасы болып табылады. 
Asteraceae Bercht. ең ірі тұқымдас, құрамында 1000 туыс, 18-20 000 түр бар. СНГ флорасында 
165  туыс,  3500  түр,  ал  Қазақстан  флорасында  114  туыс,  700  түр  бар.  Тұқымдасқа  тəн  белгілер: 
гүлшоғыры себет, сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттер жиналып қалқанша немесе сыпыртқы 
түзеді. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама түзеді. 
Ораманың  жапырақшаларының  өзара  орналасу  ерекшеліктері,  олардың  формасы  жəне  түсі  осы 
тұқымдастың  өкілдерін  классификациялауға  жəне  анықтауға  ең  қажетті  белгілер  болып  табылады. 
Себеттің  үстінгі  беті  жазықта,  ойыста,  дөңесте  болуы  мүмкін;  жылтыр  немесе  емшек  тəрізді; 
тікенектермен немесе түктермен жабылған; іші толтырылған немесе қуыс. Көптеген өкілдерінде сүтті 
шырындары  бар  бунақты  түтіктері  болады.  Күрделігүлділерді  күлтесінің  формасына  байланысты 
түтікшегүлділер жəне тілшегүлділер деп 2 тұқымдас тармағына бөлінеді. 
Зерттеу  қорытындысы  бойынша  Іле  өзенінің  төменгі  ағысына  далалық  экспедицияға  шығу 
барысында күрделігүлділер тұқымдасынан мынадай түрлер жиналып, өңделді: Acroptilon repens (L.) 
DC.,  Artemisia  absinthium  L.,  Artemisia  nitrosa  Weber,  Artemisia  scoparia  Waldst.  et  Kit.,  Artemisia 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет