ЖАУЫН ҚҰРТЫНА (LUMBRICUS TERRESTRIS) АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ Нұрпеисқызы Ғ.
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті
gaisha.nurpeiskyzy@mail.ru
Lumbricus terrestris жауын немесе жер құрты
өсімдік қалдықтарымен қоректеніп, топырақты
қарашірікке байытады, топырақ түзілу процесіне белсене қатысады. Топырақты гумуспен жəне
көптеген компонентермен байытып, құнды өсімдіктерден мол өнім алуға мүмкіндік береді.
Жауын құртының клетка элементі экзогендік факторлардың əсеріне өте сезімтал. Осыған
байланысты жауын құрты гемоциттерінің морфофнкционалдық көрсеткіштерін биондикацияда
қолдануға болады. Алайда жауын құртына сыртқы ортаның абиотикалық факторлардың əсерлері
толық зерттелмеген. Осының мақсат негізде Lumbricus terrestris -ке абиотикалық факторлардың
əсері зерхана жағдайында зерттелінді.
Жауын құртына жарықтың əсері күндізгі жəне түнгі уақыттарда зерттеу кезінде оның түнде өте
белсенді екенін байқалды. Сағат 8-9, 13-15 жəне түнгі 3-4 аралығында, топырақ бетіне шығып, ұзақ
уақыт қозғалып жүрді. Таңертенгі сағат 8-9 бен күндізгі сағат 1– 3 аралығында топырақ бетінен
байқадық. Зерттеу нəтижесінде L.terrestris –тің жарыққа өте сезімталдығы анықталды. Жарықты
қосқанда құрт бірден топырақ қабатына терең еніп кетті.
Жауын құртына судың əсері зерттеу мақсатында оны су толтырылған ыдысқа салып, 3 айға
бақылау жұмысын жүргіздік. Бақылау нəтижесінде жартылай су тіршілік иесі жауын құрты су ішінде
3 айдан кейін тіршілігін тоқтатқаны анықталды.
Жауын құртының ұйқыға кететінін біреуі білсе, біреуі білмейді. Алайда, олар расымен ұйқыға
кетеді жəне көбіне ол ылғалдың жетіспегендігінен туындайды. Біздің тəжірибемізде жауын құрты бар
топырақты 1-1,5 апта ылғалдандырмадық, нəтижесінде топырақ қатайды. Топырақты жарған кезде,
ортасындағы жауын құртынын оралып, шар тəрізді болғанын көрдік жəне бұл жерде ылғалдын
жеткіліксіз болғандықтан, ұйқыға кеткенің байқадық. Charles Darwin, De.Morren т.б. ғалымдар
еңбектерінде жауын құрты пигменттеріне байланысты түсін өзгертеді деп айтып кеткен. Біз тəжірибе
жүргізіп, 3 түрлі топырақ, яғни бірінші ыдысқа, қара топырақ; екінші ыдысқа, құнарлы топырақ;
үшінші ыдысқа, сары топырақ алып, əрбір ыдысқа екі-екіден жауын құртын салып, бір айдай бақылау
жасадық. Бірінші ыдыстағы құрттың түсі қызғылт – қоңыр болса, екінші ыдыстағы сарғылт – қызыл,
59
үшінші ыдыстағы құрттың түсі ал қызыл түске ауысты. Зерттеу нəтижесінде олардың топырақ
қабатының түріне байланысты, пигменттерінің түстері өзгеретіні анықталды.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., аға оқытушы Айтжанова М.О.