64
4.Жайынтəрізділер отряды,жайындар тұқымдасы– жайын
5.Алабұғатəрізділер отряды,алабұғалар тұқымдасы –алабұға, көксерке,
6.Камбалатəрізділер отряды,камбалалар тұқымдасы – камбала-глосса
Қазіргі кезде Солтүстік Арал теңізінде торта, сазан, табан, көксерке жəне ақмарқа
балықтарының өндірістік қоры артып келеді.
Арал шипі немесе бекіренің еті өте бағалы балық. Судың тұздалуына байланысты құрып кетуге
жақын. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Арал албыртының өмір тіршілігі аз зерттелген балық.
Арал албырты Каспий теңізіндегі албыртқа ұқсас болғанымен, оған қарағанда басы мен жақ
сүйектері ұзындау, омыртқалары аздау болып келеді. Қызыл кітапқа кіргеніне қарамастан, Арал
экологиясының бұзылуына байланысты бұл балық құрып кетті деуге болады.
Арал тортасы .Теңіздің барлық жерінде кездеседі. Кезінде бірден-бір кəсіптік маңызы бар
балық болған. Арал шөмейкесі л көбінесе ащы суларда өсетін балық, бірақ жағдайға байланысты
тұщы суда да өмір сүре береді. Қазіргі кезде бұл балықтың да саны аз. Арал қаракөзі ,көбінесе
теңіздің оңтүстік жəне оңтүстік батыс жағында көбірек кездеседі. Арал
тыраны тұқы тұқымдастарына
жатады. Теңізде ең көп тараған балық. Арал қаязы Арал теңізінің аборигені - байырғы тұрғыны.
Соңғы жылдары құрып кету қаупінде.
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы,магистр. Сырымбетов С.Т.
Достарыңызбен бөлісу: