60
өзіндік табиғи-тарихи мұражай. Олардың ішіндегі кейбіреулері, өкінішке орай, қазіргі кезде сирек
немесе жойылып бара жатқан түрлерге айналған. Мысалы:
Adonis villosus Ledeb.,
Berberis iliensis
M.Pop.,
Ferula krylovii Korov.,
Iris ludwigii Maxim.,
Lilium martagon L.,
Jurinea robusta Schrenk.,
Tulipa
shrenkii Regel. жəне т.б.
Гербарий жиынтығының бағалылығы жыл өткен сайын артуда, өйткені ол табиғи өсу
ортасында жойылған өсімдік түрін қазіргі заман технологияларының көмегімен өсіруге мүмкіндік
беретін жалғыз қайнар көзі болып табылады. Ғалымдардың айтуы бойынша, гербарий үлгісі – егжей-
тегжейлі, оған қоса микроскоптың көмегімен қарауға болатын кептірілген өсімдік, бұл ешбір сурет
те, фото да орнын баспайтын табиғат құжаты болып табылады. Біздің кафедраның гербарий
мəліметтері өсімдік морфологиясы, систематикасы, ботаника сияқты оқу курстарын меңгеру
барысында студенттер мен магистранттарға, сонымен қатар биология саласындағы мамандарға
қажетті өсімдіктер анықтағышын жасауға негіз болды.
Қазіргі кезде кафедраның гербарий қоры жазғы далалық тəжірибе жұмыстары кезеңіндегі
студенттердің, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстары барысындағы биоалуантүрлілік жəне
биоресурстар кафедрасының қызметкерлерінің өсімдіктер жинауы есебінен толығып отырады.
Далалық тəжірибе жұмыстары көлемінің қысқаруына байланысты өсімдіктер толық кеуіп үлгермейді
жəне де гербарийді жөндеу жұмыстарына уақыт жетпейді. Сонымен қатар зиянкестермен
зақымдалуының алдын алу мақсатында гербарий жүйелік дезинфекцияны қажет етеді. Кафедраның
гербарий жиынтықтарын талдау барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген 387 өсімдік түрінің
арасында 63 сирек жəне жойылып бара жатқан түрлер анықталды. Олардың ішінде 1 түр
Папортниктəрізділер тұқымдасынан (
Polypodióphyta),
48 түрі Қосжарнақтылардан
(Magnolіopsіda), 13
түрі Даражарнақтылардан
(Liliopsida), 1 түрі Ашық тұқымды өсімдіктерден
(Gymnospérmae).
Талдауды одан əрі қарай жалғастыру мақсатында бірнеше гербарий үлгілері суретке түсіріліп
алынды.
Ғылыми жетекші б.ғ.д., профессор
Мухитдинов Н.М.
Достарыңызбен бөлісу: