"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕ КӨКӨНІС ӨСІРУДІҢ ИНТЕНСИВТІ



Pdf көрінісі
бет90/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   372
ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕ КӨКӨНІС ӨСІРУДІҢ ИНТЕНСИВТІ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Орашбек У. С. 
Аймақтық Əлеуметтік-Инновациялық Университет 
uorashbek28@gmail.com
  
 
Еліміздің  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  маңызды  да  күрделі  салаларының  бірі  – 
көкөнісшаруашылығы.  Бұл  салада  өсімдік  шаруашылығының  ерекше  мамандандырылған  жəне 
қарқындатылған салаларының бірі болып саналады. Көкөніс шаруашылығының негізгі мақсаты мен  
міндеті  халықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  болып  болып  табылады.  Бұл  жағдайда  туындайтын 
бір ғана өзекті мəселе – ертерек пісетін көкөніс болып табылады, бұл жерде жылыжайда өсірілетін 
көкөніс  мөлшері    жетіспейді.Сондықтан  біздің  мемлекет  қазіргі  кезде  жылыжайлар  ұйымдастыруға  
жəне  салуға  назар  салып  отыр.Еліміздегі ішкі  базарларда    ерте  піскен  көкөніспен    қамтамасыз  етіп 
қажетті жəне жақсы деңгейіне қол жеткізу үшін  ерте пісетін көкөніс өндірісін  қосымша 80% ұлғайту 
қажеттілігі туындап оны іске асыру қажеттігі туындап отыр.  


62 
 
Оңтүстік Қазақстан өңірінде көкөніс дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясын пайдалана 
отырып  өнімділігін  зерттеу  болып  табылады.  Аталған  мақсатқа  жету  үшін  төмендегідей  міндеттер 
қойылды: 
 - көкөніс дақылдарын өсіруде агротехникалық тəсілдерді қолдануды анықтау; 
 - жылыжайларда экологиялық таза бақша дақылдарының өсіп-даму ерекшеліктерін зерттеу; 
- көкөніс дақылдарының биохимиялық көрсеткіштерін анықтау; 
 - алынған өнімнің халық шаруашылығындағы экономикалық тиімділігі. 
Оңтүстік Қазақстан өңірінде жылыжай жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарының өнімділігі 
мен биохимиялық əсері зерттелді. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижесінде Оңтүстік 
Қазақстан өңірінде көкөніс  дақылдарын  өсірудің  тиімді  технологиясы  ретінде  жылыжайларда  өсіру 
қажет  деп  санаймыз.  Себебі  жылыжайдың  мүмкіндіктерін  зерттей  отырып,  қазіргі  заманауи 
технологияларға  қол  жеткізу  мүмкіндігі  арта  түседі,  сонымен  қатар  тəжірибе  жұмыстарында 
мыналар: жылыжайда  өсірілген  көкөніс дақылдары  экологиялық  тұрғыдан  таза,  дəмді  өнім: өсіруге 
қолайлы; құрамында адам ағзасына қажетті барлық дəрумендер сақталған;  сапасы жоғары, мол 
өнім  алынады  жəне  бағасы  да  тиімді  екендігі  ескерілді.  Көкөніс  дақылдарының  тамыржүйелері 
топырақтың  жоғарғы  қабаттарында  орналасқандықтан  егістік  қабатының  (10-15  см)  тереңдігіндегі 
топырақтың  борпылдақ  ұсақ  қиыршықты  болуы  қажет.  Себебі,  көшеттерімен  өсірілетіндерге 
тамыржүйелері  тез  жайылып  дамиды,    тамыр  жемістілердің  тағамдық  мүшелері  түзу  əдемі  көз 
тартарлық сапалы болып өседі, мол  сапалы  жоғарғы  өнім    алу  үшін  минералды  тыңайтқыштарды  
қолдануды  қажет. 
Ғылыми жетекшісі: магистр оқытушысы Кистабаева У.К 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет