СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНДАҒЫ CHENOPODIACEAE ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ) Осмонали Б.Б.
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
be96ka_kz@mail.ru
Алабұталар систематикалық жағынан қиын жəне үлкен тұқымдасқа жатқызылады, əсіресе шөл
флорасында, сонымен қатар Қазақстан аумағында. Мысалға, Сары-Ишык-Отау шөлінде (Л.П.
Гоздева, 2003) жəне Сырдария өзені дельтасында (А.Б. Байбулов, 2009) анықталған түрлердің ішінде,
Chenopodiaceae тұқымдасы саны жағынан бірінші орын алады.
Бұл тұқымдастың өкілдеріне тəн: морфологиялық жағынан ұқсастық, ерекше полиморфизм
жəне жасына байланысты анағұрлым өзгергіштігі. Қазіргі таңда көптеген туыстары толық
зерттелмеген болып табылады. Қызылорда облысының алабұталарын зерттеу теориялық жəне
практикалық жағының маңызды орын алады.
Жалпы зерттеу жұмыстарының мақсаты - «Мал өрісі жерлердегі өсімдік жабынының түрлік
құрамына мониторинг – Қазақстанның шөлді жайылымдарын орнықты пайдаланудың ғылыми тəсілі
(Қызылорда облысы мысалында) грантық жоба аясында (2015-2017 гг.) экспедициялық зерттеулер
кезінде Сырдария ө. аңғарының флорасындағы Chenopodiaceae тұқымдасының тізімін жасау.
Бұл жарияланымда біз алабұталардың сол немесе өзге флорасын сипаттайтын түрлерге
тоқталдық. Бір жағынан бұл - өсімдіктер қауымдастықтарының доминант түрлері, ал екінші жағынан
бұл – Сырдария ө. аңғары флорасының сирек түрлері.
Əдеби ақпарат көздерімен жəне ҚР БҒМ ҚК «Ботаника жəне фитоинтродукция институтының»
гербари коллекцияларымен қатар, экспедициялар нəтижелері бойынша біздер Қызылорда облысы
аумағында Сырдария ө. аңғарындағы алабұталардың 120 түрден тұратын, негізгі түрлер тізімін
жасадық. Бірақ ескеру қажет, бұл доминанттық түрлер антропогендік бұзылған аумақтарда:
азғындалған жайылымдар, ескі егістік алқаптарда жəне т.б.
Зерттеу жұмыстарының нəтижесінде доминанттық түрлерге Atriplex tatarica L., Chenopodium album L., Ceratocarpus utriculosus Bluk., Сlimacoptera aralensis Botsch., Halostachys belangeriana C.A.
Mey., Salicornia europaea L., Suaeda acuminata (C.A. Mey.) Moq., Suaeda microphylla Pall., S. linifolia Pall., Salsola paulsenii Litv., S. оrientalis S. G. Gmel. жəне т.б., ал сирек кездетіндерге Girgensohnia oppositiflora (Pall.) Fenzl, Londesia eriantha Fisch. et Mey., Atriplex pratovii Suchor., Salsola richteri (Moq.) Kar. ex Litv. жəне т.б. жатқызылды.
Ғылыми жетекшілері: б.ғ.к., доцент, Ахтаева Н.З., б.ғ.к. Веселова П.В.