Фармацевтикалық компаниялар мен жүйелер теориясын жобалау және жабдықтар


Фармацевтикалық кәсіпорынды жоспарлау



бет2/3
Дата18.10.2022
өлшемі2,41 Mb.
#43979
1   2   3

Фармацевтикалық кәсіпорынды жоспарлау


кәсіпорынның аты
жаболау үшін негіздеме, аудан, пункт және құрылыс алаңы
кәсіпорынның жұмыс істеу режимі және меңзелінген мамандандырылуы
кәсіпорынның құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде шикізатпен, сумен, жылумен, газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етудің негізгі көздері
Өндіріс қалдықтарын тастау шарттары
негізгі технологиялық үдерістер мен қондырғылар
кәсіпорынның болжам бойынша дамуы (кеңейуі)
құрылыстың меңзелінген уақыты
Құрылыс ауданын таңдау негізінде жоғарыдағы шарттарды ескеру қажет
ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын жүргізуге қолайлы жердің болуы;
табиғи топографиялық, гидрогеологиялық, метеорологиялық шарттар;
зауыдтың құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін жасалынатын құрылысқа жұмсалынатын шығындардың мөлшері;
құрылыс ауданында жұмысшы күштер мен тұрмыстық қордың бар болуы;
кәсіпорынды сумен қамтамсыз ету мүмкіндігінің болуы;
алаңның жеткілікті көлемі және оның кеңейу мүмкіндігі;
жер телімінің конфигурациясының ыңғайлылығы;
Қызметкерлерді дайындау (қол жуу) және дәретхана бөлмелерінде жеткілікті түрде және онда тазалықты сақтау үшін қажетті орынжайлардың болуы қарастырылады. Оларға ыстық және суық су жүргізіледі, ішінде жуу құралдары, ауамен құрғатқыштар немесе бір реттік сүрткілер бар. Қолжуғыштар мен дәретхана бөлмелері өндірістік аймақтардан оқшауланған, бірақ қолжетімді. Киім ауыстыруға және қажет жағдайда душқа түсуге арналған орынжайлардың болуы қамтамасыз етіледі.
Зертханалық аймақтар (жұмыстар) өндірістік аймақтардан оқшауланған. Кейбір зертханалық аймақтар, атап айтқанда, өндіріс процесін бақылау үшін пайдаланылатын аймақтарға технологиялық процесс операциялары зертханалық өлшемдердің дәлдігіне, ал зертханалық жұмыстар технологиялық процеске, аралық өнімге немесе БФС жағымсыз ықпал көрсетпеген жағдайда орналастырады.

Қойма аймақтары


Қойма аймақтары материалдар мен өнімдердің әртүрлі санаттарының: бастапқы шикізат пен қаптама материалдарының, аралық, буып-түйілмеген және дайын өнімнің, сондай-ақ карантинде тұратын, шығарылымға рұқсат етілген, қабылданбаған, қайтарылған немесе қайтарып алынған өнімнің рет-ретімен сақталуын қамтамасыз ететіндей жеткілікті сыйымдылықта салынады.
Қойма аймақтарын жобалау және жабдықтау кезінде тиісті сақтау шарттары қарастырылады. Қойма аймақтары таза және құрғақ болады, оларда талап деңгейіндегі температура сақталады. Егер арнаулы сақтау шарттары талап етілсе (мысалы, температура, ылғалдылық), онда олар қамтамасыз етіледі, тексеріледі және мониторинг өткізіледі.
Қабылдап алу және жөнелту орындарында шикізатты, материалдар мен өнімдерді ауа-райы жағдайларының әсерінен қорғау қамтамасыз етіледі. Қабылдап алу аймақтары шикізат пен материалдар салынған ыдысты қоймаға қояр алдында, қажет болса, тазалаудан өткізетіндей сипатта жобаланып, жабдықталған.
Егер карантин режимі өнімдерді әр бөлек аймақтарда сақтаумен қамтамасыз етілсе, бұл аймақтардың нақты аталымдары болады, ал оларға кіру осындай құқық берілген қызметкерге ғана рұқсат етіледі. Физикалық карантинді ауыстыратын кез келген басқа жүйе баламалы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Бастапқы шикізаттың сынамаларын іріктеуге арналған бөлек аймақ болады. Егер сынамаларды іріктеу сақтау аймағында атқарылса, онда ол контаминацияны немесе айқаспалы контаминацияны болдырмайтындай сипатта өткізіледі.
Келесі операциялар үшін нақты аймақтар немесе басқа да бақылау жүйелері анықталады:
сынамаларды қабылдау, сәйкестендіру, сұрыптау және пайдалануға рұқсат берілгенге дейін немесе бас тартуға дейін келіп түсетін материалдардың карантині;
аралық өнімді сұрыптау;
бас тартылған материалдарды оларды жоғалтқанға дейін сақтау - пайдалануға рұқсат етілген материалдарды сақтау;
- технологиялық операциялар;
қаптау және таңбалау бойынша операциялар;
зертханалық анализдер жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет