Фармацевтикалық технология ғылым ретінде,міндеттері


Тазартылған су. Талаптар. Суды дайындау



бет5/18
Дата20.12.2023
өлшемі126,57 Kb.
#141567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ôàðìàöåâòèêàëû? òåõíîëîãèÿ ?ûëûì ðåò³íäå,ì³íäåòòåð³

Тазартылған су. Талаптар. Суды дайындау.
Тазартылған су алу әдістері - дистиллдеу (аквадистилляторлар арқылы), кері осмос, электродиализ, иондық алмасу.
Қойылатын талаптар – қабырғалары мен едені плиткамен қапталған бөлек бөлме; тазартылған суды алуға байланысты емес жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады; Тот баспайтын болаттан немесе шыныдан жасалған су жинағыштар; Суы бар баллондар шыныланған жәшіктерге салынады.
Сапасын бақылау – түссіз, иіссіз, дәмсіз болуы керек. рН 5-7. Агарға себілген 1 мл тазартылған суда максимум 100 патогенді емес микроорганизмдер рұқсат етіледі.
Сақтау - бөлме температурасында тығыз жабылған ыдыста күн түспейтін жерде сақтау керек.
Ішкі және сыртқы затбелгісі (этикетка), улы еріткіштерге «Сақтықпен қолдану» деген қосымша этикетка, егер дәрілік зат ерекше сақталу керек болса «Салқын жерде сақталу керек» деген этикетка дайындалады.
6. Ерітінділер. Жіктелуі. Еріткіштер. Сипаттамасы. Дәрілік заттардың еруіне әсер ететін факторлар. Еру процесін интенсификациялау жолдары. Сүзу – ерітінділерді механикалық қоспалардан тазарту тәсілі ретінде. Құрал жабдықтар.
Еріткіштер-жеке химиялық қосылыстар немесе әр түрлі заттарды ерітуге қабілетті қоспалар, яғни
олармен біртекті жүйелер -екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын ерітінді түзеді.
Еріткіштерге қойылатын талаптар
сақтау кезінде тұрақты, химиялық және фармакологиялық индифферентті, жоғары еріткіштігі болуы керек,
алу тәсілі арзан, қол жетімді және қарапайым болуы керек, жағымсыз дәмі мен иісі болмауы тиіс, от қауіпті және ұшқыш болмауы тиіс, микроорганизмдердің дамуы үшін орта болмауы керек
Еріткіштердің жіктелуі – органикалық(этил спирті, медициналық эфир, хлороформ, глицерин, димексид, полиэтиленоксид, силиконды сұйықтықтар) және бейорганикалық(тазартылған су, деминерализацияланған су).
Ерітінділер-екіден немесе одан да көп компоненттер тұратын біртекті дисперсті жүйелер.
Жіктелуі:
нағыз ерітінділер(дисперсті фазасы ионды, молекулалы. Бөлшектер өлшемі 1нм. Глюкоза ерітндісі, натрий хлорид, магния сульфат ерітінділері жатады),
жоғары молекулалы нағыз ерітінділер (дисперсті фазасы молекулалы. Бөлшектер өлшемі 1-100нм. Пепсин, желатин ерітінділері жатады),
коллоидты ерітінділер (дисперсті фазасы мицелла. Бөлшектер өлшемі 1-100нм. Колларгол, протаргол ерітінділері жатады)
суспензиялар (дисперсті фазасы қатты заттардың бөлшектері. Бөлшектер өлшемі 0,1-50мкм. Күкірт, магний оксиді суспензиялары жатады)
эмульиялар (дисперсті фазасы сұйықтықтардың бөлшектері. Бөлшектер өлшемі 1-150мкм. Кастор майының эмульсиялары жатады)
комбинированные – настои, отвары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет