Фармацевтикалық технология ғылым ретінде,міндеттері



бет7/18
Дата20.12.2023
өлшемі126,57 Kb.
#141567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Этил спирті (Этанол)
Этил спирті бейсу еріткішіне жатады,себебі тәжирибеде абсолютті этанол емес,оның спиртті-сулы ерітінділері қолданылады.Сулы-спиртті ерітіндісінің концентрациясын көлемдік пайызбен белгілейді және ол 20 С температурадағы абсолютті этанолдың миллилитрмен берілген мөлшерін көрсетеді.
Этанол мөлдір,түссіз,қозғалғыш,өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар,78 С температурада қайнайтын ұшқыш сұйықтық.Этанолда полярсыз заттар-органикалық қышқылдар,эфир майлары және майлар,камфора,ментол,йод,танин,левомицетин ериді.Этил спиртінің еріткіштік қасиеті оның концентрациясына байланысты.
Этанол сумен,глицеринмен,эфирмен,хлороформмен,ацетомен жеңіл араласады.Этанол ерітіндідегі концентрациясына байланысты бактерицидті және бактериостатикалық қасиет көрсетеді.
Бірқатар артықшылықтарына қарамастан,этанолдың еріткіш ретінде,қолданылуы шектеулі.Себебі ол :
-фармакологиялық индифферентті емес;
-дегидраттау,яғни заттардың суын өзіне тартып алу қасиеті бар;
-ұшқыш,оңай жанады;
-спирт пен суды араластырған кезде оның көлемі су мен спирттің көлемдерінің арифметикалық қосындысынан кем болады.
Этил спиртін жақсы тығындалатын ыдыста,салқын,оттан алыс жерде сақтайды.Дәрілік түрлер дайындаған кезде этанол көлеммен дозаланады.Таза күйінде этанол салмақпен дозаланады.
Дәріханаларда,фармацевтік кәсіпорындарда,білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында этил спиртін есепке алу басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және аумақтық денсаулық сақтау органының мөрімен Ап-10 және 63-Ап үлгісінде бекітіліп,нөмірленген,жіппен тігілген кітапқа түсіру арқылы жүргізіледі.
9.Сусыз ерітінділер.Сипаттамасы.Жіктелуі дәріхана жағдайында дайындаудың технологиялық сұлбасы.157 бет.
Бейсу ерітінділері (сусыз ерітінділер)-құрылыстық бірлігі иондар мен молекулалар болатын гомогенді сұйық дәрілік түр.Бейсу ерітінділеріне-спирт,эфир,өсімдік майлары және т.б. қолданылады.Бейсу ерітінділер кілегей қабаттарға жағуға,тері қабатын сүртуге,жууға,шаюға,ингаляция жасауға арналған ерітінділер,құлаққа,мұрынға арналған тамшылар түрінде сыртқа қолдануға арналады.
Бейсу ерітінділеріне қойылатын талаптар:
-қажетті әсер алу үшін медициналық белгіленуіне сәйкестігі;
-дәрілік заттардың толық еруі;
-механикалық қоспалардың болмауы;
-дәрілік заттардың концентрациясының жазылған көлеміне немесе салмағына сәйкестігі;
-сақталу кезіндегі тұрақтылығы;
Бейсу ерітінділерінің технологиясында қолданылатын еріткіштерді олардың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ұшқыш және ұшқыш емес бейсу еріткіштері деп бөледі.
Ұшқыш еріткіштерге этанол,эфир,хлороформ жатады.Ұшқыш емес еріткіштерге глицерин,өсімдік майлары,вазелин майы,соңғы жылдары –димексид,полиэтиленоксид-400,силикондар қолданылады.Қазіргі кезде ерітінділер технологиясында күрделі еріткіштер:глицерин-этанол,глицерин-димексид,глицерин-су және т.б. қолданылуы байқалады.
Сусыз ерітінділерінің технологиясы.
Сусыз ерітінділерінің технологиясы-еріту,фильтрлеу,орамдау,безендіру сатыларынан тұрады.Әр сатының физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ерекшеліктері бар.
Ұшқыш еріткіште ерітінділерді дайындау кезінде еріткіштің көп мөлшері булану есебінен және ерітіндінің концентрациясы ұлғаюына байланысты жоғалуы мүмкін,сондықтан қыздыру,сүзу немесе фильтрлеу операциялары орындалмайды.
Технологиясының ерекшеліктері:
-ерітінді тікелей босататын құтыға дайындалады;
-құты құрғақ болуы керек,себебі су спиртті сұйылтып,басқа еріткішпен араласпайтын дәрілік заттардың ерігіштік қасиетін төмендетеді;
-сусыз ерітінділері қажет болған жағдайда ғана құрғақ мақта тампоны арқылы воронконы шынымен жауып сүзеді.
Фармацевтикалық технологияда өте жиі күшті этанолды сұйылтады немесе белгілі концентрациялы қоспа алу үшін,концентрациясы әртүрлі спиртті ерітінділерді араластырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет