Өндіріс орны: ЖШС«ПЛП ЖанаФарм» Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі дайын дәрілік препараттарды стандартты жазбалар бойынша сериялық жаппай шығаруды қарастырады.
Фармацевтикалық өндіріс негізіне кең ауқымда машиналарды, аппараттарды, ағынды механизацияланған және автоматтандырылған желілерді қолдану жатады. Өндірістің ерекшелігіне белгілі бір сала шеңберінде мамандандырылуы, яғни белгілі бір өнім типтерін шығаруға өнеркәсіпті бағыттау. Мысалы ЖШС «Жанафарм» таблеткалар мен фитошайларды шығрауға бағытталған.
Өнеркәсіпті бір бағытта мамандандыру шығарылатын өнім сапасын жетілдіруді және сол өнім бойынша ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге мүмкіндік береді.
Фармацевтикалық өндірістердің мемлекеттің және фирмалардың келесі шаралары арқылы жүзеге асырылып отырады:
- халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде көмек көрсету бойынша жүргізілетін шараларды мемлекет тарапынан қаржыландыру;
- өндіріс пен ғылыми ізденіс жұмыстарын біріктіретін фирмаларды құру;
- емдік әсері жоғары препараттарды өндіру;
- қатаң стандартталған көмекші заттардың ассортиментін жасау;
- жетілдірілген өндіріс құралдарын шығарушы машина өндірісінің болуы;
- дәрігерлер мен халықты жаңа өнімдер туралы ақпараттандару және әлеуметтік зерттеулер жүргізу.
Дәрілік препараттардың фармакокинетикасы туралы негізгі түсініктер. Дәрілік заттардың асқазан-ішек трактісінен босап шығу, сіңірілу және бөлініп шығу жылдамдығы.
Жаңа дәрілік құралдарды тұтынушыға жеткізу дейінгі туындау ізденістері көптеген (12-15) жылдарға созылады. Ізденіс барысындағы зертханалық және клиника алды сынақтан өткен 5 мың кандидат-нысаннан, дағдылы жағдайда тек 5 ғана әсерлі және залалсыз дәрілік құрал ретінде клиникалық сынаққа рұқсат алады.
12-сурет: Дәріхана
23.11.2023ж
Практиканың тоғызыншы күні: Өндіріс орны: «АО НЦПП» Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы " Республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2004 жылы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын. Осы қаулымен "2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу"ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.05.2012 ж. №706 қаулысына сәйкес Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің "инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын "инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" Акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылған.
"Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" АҚ медицина, ветеринария, химия және фармакология саласында адам мен жануарларды бактериялық, вирустық және бактериялық-вирустық инфекциялардан қорғау саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады;
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасында "инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" АҚ Басқарма Төрағасы химия ғылымдарының докторы Александр Иванович Ильин, ал басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Архат Сайлауғазыұлы Құрманбеков болып табылады. Ғылыми орталықта ФС-1 жұмыс атауымен туберкулезге қарсы препарат әзірленді, ол covid-19 туындаған пневманиямен тиімді күреседі.