Фармацевтикалық технология кафедрасы



бет10/15
Дата22.12.2023
өлшемі2,91 Mb.
#142528
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Әлішбек Айкөркем күнделік

08.11.2023ж

Тақырыбы:
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын саланың жұмысымен таныстыру.
Қысқаша конспект:
Медицина техникасы - медициналық мақсаттарда аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу, медициналық оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеу үшін жеке, кешенді немесе жүйелі қолданылатын - аппараттар, құрал-жабдықтар, аспаптар, құрылғылар, оның ішінде сериялық өндірістің протездері мен имплантанттары.
Медициналық аспаптар және аппараттар - жеке немесе өзара байланыстырып мүшелер мен жүйелер қызметін диагностикалау, емдеу, алдын алу, оңалту және ғылыми мақсатта адам ағзасының жай-күйін ұқсас және сандық түрде алуға, жинақтауға, талдауға және көрсетуге арналған медицина техникасы.
Медицина құрылғылары - ағзаның нақты қызметтік жүйесіне немесе мүшесіне (мүшелер тобына) тұтастай немесе ішінара әсер етуге арналған қандай да бір түрдің энергиясын жандандыратын; адамның мүшелері мен тіндеріне механикалық әсер етуге арналған құралдарды іс әрекетке келтіретін; алдын алу, диагностикалау, емдеу, оңалту, сондай-ақ оларды түзету мақсатында организмнің қандай да бір немесе өзге қызметін белгілі бір уақыт аралығында алмастыратын немесе демейтін медицина техникасы.
Медициналық құрал-жабдықтар - емдеу, алдын алу, диагностикалау және оңалту шараларында, сондай-ақ ауруларға күтім көрсетуде емделушілерге және медицина қызметкерлеріне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге арналған медицина техникасы; Медициналық мақсаттағы бұйымдар - алдын алу, диагностикалау және емдеу шараларын жүргізу үшін қолданылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-жабдықтар, шығын, таңу және тігу материалдары, бір реттік стерильді жиынтықтар мен медициналық мақсаттағы киімдер, бекемдейтін таңғыштар және құрылғылар, стоматологиялық материалдар, жанаспалы және көруді түзетуге арналған линзалар, диагностикалық реагенттер; дәрілік заттың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік-техникалық құжат сериясына қарамастан дәрілік зат сапасының нормалар кешенін, оны анықтау әдістемелерін белгілейтін дәрілік заттың бірдей қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті дәрілік затты мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде берген өндіруші ұйым бекіткен нөмірмен оны өндірудің тұрақтылығы мен бірыңғайлығын белгілейтін құжат;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет