Сабақты өткізу форматы: Тәжірибелік сабақ
Сабақты бақылау түрі: Жиынтық баға
СОӨЖ тапсырмасы:
1. Тақырып бойынша ЭССЕ жазу:
«Фармацевт-технологтың жұмысын қалай елестетемін?!»;
СОӨЖ бақылау түрі: Консультация кезінде бағаланады.
СӨЖ тапсырмасы: «Заманауи фармацевт-технологтың кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі» тақырыбына баяндама дайындау және оған 3 тілдік алфавиттік глоссарий құру.
СӨЖ бақылау түрі: №1 аралық бақылауда бағаланады.
Қашықтықтан оқыту форматындағы сабақтарды өткізу кезінде:
практикалық сабақтарда dis.kaznmu.kz (Moodle) және/немесе GoogleClassroom (студенттерге арналған жеке тапсырмаларды орналастыру, презентациялар және т.б.), ZOOM (бейнеконференциялар және т. б.), Hangouts платформаларда жұмыс жасау қарастырылған.
№2 сабақ. Фармацевтикалық саланың кәсіби терминдері. Сабақ аяқталғаннан кейін студент білуі керек: Сөйлеу түрлерін ажырату және оларды практикада қолдану; кәсіби терминологияны қолдану; дәрілік препараттардың өнеркәсіптік өндірісі туралы түсінік алу.
Әдебиеттер және электрондық ресурстар:
1.Арыстанов Ж.М. Фармацевтическая терминология: Учебное пособие /.Ж.М. Арыстанов - Алматы: издательство «Эверо», 2016. – 12-15 с. 2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-vi қрз кодексі. 3. Дильборханов Р.Д. Русско-казахский Медицинский словарь (русско - казахский). – Алматы: ЖШС «Кітап баспасы», 2003.-352 бет.; 4. Интернет-сайт электронной библиотеки «Эпиграф» Вопросы для подготовки к занятию: 1- Глоссарий дегеніміз не?
- Глоссарийдің мақсаты қандай?
- Глоссарийді қалай жасауға болады?
- Глоссарий құрастыру кезінде қандай ережелерді сақтау маңызды?