Кохрен критериі тәжірибелердің ұдайы өңдірілуін тексеру үшін пайдаланылады (тәжірибелердің ұдайы өңдірілу гипотезасын тексеру үшін):
, (3.8)
демек, есептелген GЕС мәні дисперсия бағаларының ең үлкенінің табылған барлық дисперсиялар бағаларының қосындысына қатынас ретінде анықталады.
Егер есептелген GЕС > GКЕС, онда дисперсиялар біртекті емес, демек, Y мәндері таралудың нормаль заңына бағынбайды, ал тәжірибелер ұдайы өңдірілмейтін болып табылады. - сұрыптау дисперсиялар бағаларының ең үлкені;
n0 – салыстырылатын дисперсиялардың жалпы саны (параллель (дубль) тәжірибелердің саны);
- дисперсиялардың барлық бағаларының қосындысы. Сериядағы тәжірибелердің саны бірдей болуы тиіс, кері жағдайда Бартлетт критериін пайдалануға болады. n0 мен еркіндік дәрежелер санын f = n0–1 білу қажет. Егер тәжірибелер ұдайы өңдірілмейтін болса, онда ұдайы өңдірілмеудің көздерін (бөгеттерін) анықтап, жоюға әрекет жасауға болады, өлшеу дәлдігін жоғарылатып және с.с. Егер ұдайы өңдіруді қамтамасыз ету мүмкін болмаса, онда эксперименттің нәтижелері келесі математикалық өңдеу үшін пайдаланылуы мүмкін емес. Мысалы, (кестені көр), әрқайсысында екі (n0=2) параллель тәжірибеден өткізілетін үш сериядан тұратын (m=3) экспериментті қарастырайық. Оларда Y шығысы X1 мен X2 екі факторға тәуелді.
Кохрен критериінің есептелген мәні GЕСП = 1.28/2.5 = 0.51, кестеде (m=3 және f=n0–1=1 болғанда) GКЕС= 0.967 табамыз, GЕСП < GКЕС, болғандықтан тәжірибелер ұдайы өңдірімді, ал дисперсиялар бағаларын біртекті деп санауға болады.
Ұдайы өңдіру дисперсиясының бағасын да есептейік:
=(0.50 + 0.72 + 1.28)/3 = 0.83, мұнымен еркіндік дәрежелер саны байланысты f = m(n0 - 1) = 3(2-1) = 3. Фишер критериі. Регрессия теңдеуінің адекваттылығын тексеру үшін пайдаланылады.
Фишер критериінің есептелетін мәнін келесідей анықтайды:
Қалдық дисперсияның бағасын (адекваттылық дисперсиясы): формула бойынша есептейді - мағыналы коэффициенттердің негізінде регрессия теңдеуі бойынша есептелген Y-тің мәндері. Егер шарты орындалса, онда регрессия теңдеуі эксперименталдық деректерді адекватты сипаттайды. FКЕС еркіндік дәрежелерінің f1 алымы f2 бөлімі үшін белгілі мәндерінде анықталады. f1 = n – LМАҒ және f2 = n0 – 1. Әдетте мағыналық деңгейі р=0,05 пайдаланылады.