Фармакодинамиканың биохимиялық мәселелері



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата01.11.2022
өлшемі1,1 Mb.
#46642
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 3 ДЗ БХ

Орфанды препараттар - өте сирек кездесетін ауруларды емдеуге 
және диагностикасына қолданылатын дәрілер.


Дәрілік заттардың таңдамалы әсері
• Селективтілігі төмен ДЗ
• Селективтілігі төмен дәрілік заттар мүшелер мен тіндерге әсер ете 
отырып, көптеген жанама әсерлерді тудырады. Әр препарат әсер 
ету спектріне қарамастан, әр түрлі жағымсыз реакциялар 
туындатады. 
• Мысалы үшін, есірткілік анальгетиктер тобына жататын морфин, 
ауырсынуды басып қана қоймай, тыныс алуды тежеп, седативті 
әсер көрсетеді. Ісікке қарсы дәрілік заттар тек ісік жасушаларына 
әсер етіп қоймай, сүйек тініне, ішек эпителиіне әсер етіп, ауыр 
жағымсыз реакциялардың туындауына себеп болады. 


Дәрілік заттардың таңдамалы әсері
• Селективтілігі жоғары ДЗ
• ДЗ селективтілігі неғұрлым жоғары болса, жағымсыз әсерлері 
соғұрлым аз болады. ДЗ таңдамалылығы оның мөлшеріне 
байланысты. ДЗ мөлшерін жоғарылатқан сайын, оның 
таңдамалылық (селективтілік) қасиеті төмендей түседі.


ДЗ физикалық және физико-химиялық
қасиеттері
• ДЗ жасуша мембранасына физико-химиялық әсері, иондардың 
мембрана арқылы тасмалдануы салдарынан, 
трансмембраналық электр потенциалдарының өзгеруіне 
негізделген. Оның жүйке және бұлшық ет жүйелерінің 
қызметінде маңызы бар, өйткені, синапстар арқылы жүйке 
импульстарының жүруі бұзылады, жасушалардың электрлік 
белсенділігі тежеледі. Мұндай әсер ету механизімі аритмияға 
қарсы ДЗ, жергілікті анестетиктерге, наркозға арналған ДЗ тән. 


Дәріні қайта қабылдағанда байқалатын 
жағдайлар:
1. Дағдылану - үйреншіктік.
2. Кумуляция (жиналу). Мысалы ұзақ әсерлі жүрек гликозидтері 
бүйрек бауыр қызметі дрыс болмаса ағзадан уақытылы 
шықпағандықтан жиналып, улану болуы мүмкін.
3. Дәріге тәуелділік. Наркотиктерге болады.
4. Тахифилаксия - улы заттарға ағза сезімталдығының нашарлауы, 
дәріге тез үйрену (дәріге немесе алкогольге).
5. Сенсибилизация - тітіркендіргіш дәріге немесе аллергенге 
ағзаның жүйке ұштарының сезімталдығының күшеюі.


• Абстиненция синдромы - тиылу, ұстану, тежелу дегенді 
білдіреді. Қабылдап жүрген дәріні доғарғанда болатын ағзадағы 
ауытқулар (шайды ішіп жүріп, ішпей қойса біраз уақыт бас ауруы 
мүмкін). Доғару синдромы мен психикалық тәуелділік 
арасындағы ағымды өзгерістер: жайсыздық, физикалық-
соматикалық бұзылыстар, өмірге керекті негізгі қызметтің 
бұзылуы.
• Идиосинкразия – ағзаның кейбір дәрілерге, тағамдарға ерекше 
сезімталдығы, реакциясы.


• Полипрагмазия- емделушіге бірнеше дәріні 
бірмезетте тағайындау. 
• Доғару синдромы– ұзақ уақыт қабылдап жүрген 
дәріні кенеттен доғарғанда (наркотикалық дәрілер, 
кейбір гипотензивті дәрілер) болатын өзгеріс.
Мысалы: гипотензивті дәрі Клофелинді қабылдап 
жүріп, кенеттен доғарғанда -гипертониялық криз
немесе гормондарды беруді кенеттен доғарғанда 
ішкі бездердің қызметінің бұзылуы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет