1-ші жолы – биогенетикалық ұсастық, туыстық әдіс. Өсімдіктердің бір – біріне ұқсастары көп болады. Олардың негізінен басты белгілері өсімдік мүшелерінде болады және осындай ұқсас түрлерді ботаниктер бір туысқа жатқызады.
Ұзақ уақыт бойы қиын эволюциялық процестер кезінде өздерінің ұқсастықтарын жоғалтқан түрлер де өте көп. Мысалы: гранат – оңтүстік өсімдігі, оның жемісі дәрі ретінде пайдаланылады. Бұл өсімдіктің Европа мен Оңтүстік Азия аймақтарында, Испаниядан бастап Қытайға дейін тек бір түрі бар. Ол тек Үнді мұхитындағы Сокотро деген жерде кездеседі.
Көбінесе тек түрлер ғана емес бір тұқымдасқа жататын туыстар да кейбір морфологиялық белгілері бойынша, мысалы: гүлінің құрылысы, жапырағы, анатомиялық құрылысы бойынша да, сонымен қатар ортақ химиялық белгілері, биологиялық активті заттармен де ерекшеленеді.
Дәрілік өсімдіктердің жақын түрлерін зерттеу өте үлкен маштабта жүргізіледі және өте бағалы нәтижелер береді. Мысалы, Digitalis purpuraea (наперстянка пурпурная) өсімдігі маңызды жүрек гликозидтерінің көзі болып табылады. Бұл өсімдік бұрынғы КСРО аймағында өспейді. Кавказда оған жақын түрлер кездеседі, ол наперстянка ржавая, н. ресничная және н.крупноцветковая. Молдавияда Н. шерстистая және т.б. бұлардың барлығында жүрек глюкозидтерінің бар екендігі анықталды.
Дәрілік өсімдіктерді табудың екінші жолы – елек деп аталады. Оның негізі емдік маңызы бар деген жергілікті флора өсімдіктеріне жаппай химиялық талдаулар жүргізу болып табылады. Дәрілік өсімдіктерді ізденудің бұл жолы аса көп еңбекті талап етеді.
Бұл әдіспен фармацевтикалық өңдірісте маңызды орын алатын, көптеген дәрілік заттар табылады. Мысалы, бұл әдіспен Рихтер сораңы (Salsola richteri Karel), бұйырғын (Anabasis) және т.б. бір қатар дәрілік өсімдіктер анықталды. Сондықтан елек әдісі медицина үшін өте маңызды және бұл әдіспен жұмыс істеуге болады.
Дәрілік өсімдіктерді табудың үшінші жолы – халық медицинасы, ол ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі тілде айтылуы бойынша қалады. Бұрын барлық мемлекеттерде екі медициналық жүйе қатар жүрген. Біреуі адам ағзасының табиғатын, құрылысын және қызметін, аурулардың пайда болуын және оларды емдеу жолдарын зерттеуді дәрігерлер және ғалымдар қатар алып жүрген. Келесі медицина – қарапайым халықтың медицинасы, көптеген ұрпақтар бойы қалыптасқан, тамаша пайымдаулары да, тұрақты қателесулері де бар. Адам тарихының бастауларында осы екі медицина бір болды. Және кезгелген эмпирикалық медицина жүйесі Шумер – Египет – Грек, Үнді және Қытайлық – халықтық медицинадан бастау алады.
Жабайы өсімдіктердің зерттеу диапазоны өте кең. Дәрілік өсімдіктердің әртүрлі аймақтарда өнуіне көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, олардың биологиясына: гүлдеу уақытына, жеміс беруіне, көбеюіне, басқа өсімдіктермен байланысына, жылу сүйгіштігіне, ылғалға, топырақтың құрамына, өсу жағдайына да көңіл бөледі де, егер оларды шабатын, қазатын болса. Бұның бәрі жинау ережесін жасаған кезде яғни жоспарлағанда өте маңызды болып табылады. Себебі, белгілі бір ережеге сүйенбей жасалса, белгілі бір аймақта бағалы дәрілік өсімдіктердің жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін.
Дәрілік өсімдіктерді іздеуді жеңілдету үшін оларды өсімдіктің белгілі бір типіне жатқызу керек. Толокнянканы далалық аймақтардан іздеуге болмайды, себебі олар ол жақта өспейді және де шыршалықтарда да өспейді. Оларды ормандарда кездестіруге болады. Бірақ дәрілік өсімдіктерді табумен бәрі де аяқталмайды, оны қалай жинауды білу керек. Себебі дәрілік заттар көп болу үшін оны жинау ережесін білген дұрыс. Сонымен қатар жиналған затты сақтау мен кептіруді білу керек. Бұл процестің барлығы өсімдіктен дәрі жасамай тұрып, жүзеге асу керек.
Жылдың әр мезгілінде өсімдікте дәрі ретінде құндылығын анықтайтын биологиялық белсенді заттардың мөлшері әртүрлі болады. Ереже бойынша өсімдіктердің жер үсті жасыл бөліктері – жапырақтарында, сабақтарында, әсер ететін заттар гүлдеу және жеміс берудің бастапқы кезінде көп мөлшерде болады. Толық пісіп жетілген кезде, жемісінде емдік заттардың барынша көп мөлшері болады, ал тамырында – күздің аяғында өсімдіктің жер үсті мүшелері солып қалғанда.
Шөптесін өсімдіктерді жинаған кезде өсімдіктің жер үсті бөлігін гүлімен қосып төменгі жапырақ жағынан орақпен орып алады. Кейбір биік өсімдіктерді жинағанда гүлдейтін жоғары жақтарын кесіп алады немесе гүлдейтін сабағын ғана сындырып алады. Жапырағы жоқ жуан сабақтарын алудың қажеті жоқ. Себебі оларда шипалық қасиеті бар заттар өте аз. Және мұндай шикізаттардан дәрі дайындауға болмайды.
Егер жинайтын өсімдікте сабағы көп болса, оны кептіріп болған соң жапырағы жоқ сабақтарды тастайды. Мұндай әдісті көбінесе жұпаргүлге, түйежоңышқаға және т.б. қолданады (бұл өсімдіктедің барлығында сабақтары көп және оларда әсер етуші заттары жоқтың қасы) кейбір дәрі-дәрмектер тек «гүлдерден» ғана жасалады, біз бұл сөзді тырнақшаға аламыз.
Себебі, бұндай атпен фармакогнозияда тек жеке гүлдерді ғана емес бүкіл гүлденуді атайды. Әсіресе күрделі гүлділерде, сонымен қатар гүлдің жеке бөліктері де қарастырылады. Гүлді гүлдеудің бастапқы кезеңінде жинау керек, гүл солу белгілерін қорсетпей тұрғанда. Бұл кезенде гүлдерде әсер етуші заттар көп болады, сақтау кезінде аз түседі, кебуді жақсы өткізеді және өздерінің нақышын жақсы сақтайды.
Гүлдерді қолмен жинайды. Шикізат ретінде гүлдерін қолданатын өсімдіктер үшін ерекше жинау үлгісі бар. Гүлшоқтары ірі кейбір өсімдіктерді жинаудың оңай механизмі бар, арнайы қалақша және тырнауыштары бар қорапша жасайды (төменгі жағында ұстауышы бар). Тырнауышты гүлшоқтарына жақындатып әкеліп, тез жыдамдықпен жұлып алады, кейіннен ол қалақшаға түседі. Осылай мысалы, дәріханалық түймедақтың (аптечная ромашка) гүл шоқтарын жинайды.
Жемістері де жапырақтары мен гүлдері сияқты құрғақ ауа-райында жиналады. Олардың толық піскен кезеңінде қолмен сындыру арқылы жинайды. Шетен және тмин өсімдіктерінің жемістері зонтиктерінде орналасқандары күйінде жұлып алынады.
Кейін кептіріп болған соң аяқшаларынан айырып алады. Жемісті қолмен тазалау арқылы алады. Шіріген жемісті алмайды. Көптеген нәрлі жемістерді (черника, таңқурай, бүлдірген) жинау өте қиын, ішінен матамен қабатталған корзинаға саламыз, жемістер бір-бірін езіп тастамас үшін әр қабатын жапырақтарымен жабамыз. Бұд кезде жемісті дәрі үшін жинап жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Тамырын немесе тамырсабағын күзде немесе жаздың соңында өсімдік гүлдеп болған соң қазып алады. Осы кезде бұларда шипалық қасиеті бар заттар көп болады және олар үлкен, әрі ауыр болады.
Тамырды жинау уақытын созып жіберуге болмайды, себебі, жапырағы мен жемісі түсіп біткен соң өсімдікті тану өте қиын. Кейбір түрлердің тамыры мен тамырсабағын ерте көктемде қазып алуға болады. Қазу үшін арнайы күрек болу керек. Дәрілік қсімдіктердің кез – келгенін кетпенмен де (тяпкамен) қарапайым күрекпенде қазуға болады. Тамырды қазу үшін күректі сабағынан 10 – 12 см алыс тереңдікке кірзізу керек.
Сосын топырақтың қазылған жерін кеңейту үшін қозғау қимылдарын жасайды, сосын бір қозғалыспен қазылған тамыр мен тамырсабағын жердің бетіне алып шығарады. Тамырды сілкілеп топырағынан босатады сосын суға немесе кәрзинкаға тамырмен толтырып, суға салып қояды.
Себебі су топырақтан тамырға жабысқан ұсақ тастарды жуады. Жуылған тамырларды таза шөпке, қаптарға немесе пергамент қағазға қойып кептіреді. Сосын тамыр мен тамырсабақты сабақтың қалдықтарынан тазалайды. Сонымен қатар тамырды зақымдалған немесе шіріген бөліктерінен тазалап, соңғы кептіру аймағына алып кетеді.
Дәрілік өсімдіктердің тамырларын ыстық сумен жууға болмайды, себебі осы кезде әсер етуші заттары жуылып кетуі мүмкін. Дәрілік өсімдіктерді жинау бұл тек жұмыстың жартысы, соңғы кептіру кезеңінінің де маңызы зор.
Барлық дәрілік өсімдіктерді кептіру керек, оларды аптекаға немесе зертханаға, заводтарға беруге үйге сақтауға қатыссыз барлығын кептіру керек. Нашар қолайсыз жерде кептіру шикізаттың сапасына әсер етуі мүмкін.
Егер ылғал өте ақырын кептірілген болса, ол екі нәрсеге алып келуі мүмкін. Егер клеткалар ұзақ уақыт бойы тірі күйінде болатын болса, оларда ферменттердің жұмысы жүзеге аса береді, ол әсер етуші заттарды жоғалтуы мүмкін немесе оларды керісінше улы заттарға айналдыруы мүмкін.
Ал екінші жағынан өсуші массаның ұзақ сақталуы дымқыл кезінде микроорганизмдердің дамуына қолайлы болып келеді. Ал микроорганизмдердің дамуы шикізатты мүлдем құртуы мүмкін.
Кептірудің ең қолайлы әдісі ең тиімдісі ол шатыр астында құрғақ желдету болып табылады. Әсіресе темір шатырда бүкіл терезелерін ашып тастап кептіру өте қолайлы. Егер мүмкін болса терезінің біріне кәдімгі бөлме вентиляторын қойып қоюға болады. Дәрілік өсімдіктерді шатыр астында кептіру міндетті емес.
Кез-келген жел қағатын ғимараттар жарай береді. Мысалы, мектептің бос бөлмелері, сарай және т.б. кейде шикізатты күн түспейтін ашық ауада да кептіреді. Кептіру өте ұқыптылықты қажет етеді. Шикізатты құртып алмас үшін оны желден, жаңбырдан қорғау керек. Ең бастысы жапырағын, шөбін, гүлін, күнге кептіруге болмайды.
Күн түскен кезде ол өзінің бояуымен әсер етуші заттарынан яғни құнды заттарынан айырылады. Құрамында алкалоид бар тамыр мен тамырсабағын күнде кептіреді. Ал құрамында гликозидтері бар тамыр пен тамырсабағын күнде кептіруге болмайды. Себебі құрамындағы гликозидтер ыдырап кетеді. Тамыр пен тамырсабағын бір күннің ішінде кептіріп алуға болмайды және мүмкін емес. Шикізатты түнде қалдырғанда оны шықтан қорғау үшін бетін бір нәрсемен жабу керек.
Кептіру кезінде тамырларды күніне кетпенмен немесе күрекпен бірнеше рет аударып отыру керек. Жай кезде шикізатты 3 – 4 күнде кептіріп алуға болады. Оңтүстікте мұны тездетуге болады, ал солтүстікте оны кептіруге ұзақ уақыт жұмсалады. Жуан тамырларды кейде бірнеше апта кептіреді. Кептіру кезінде шикізатты қалдағалап, жоқ дегенде тәулігіне бір рет аударып тұру керек.
Өсімдікті арнайы кептіргіште кептіруге болады, ал қарапайым партияларды духовкада немесе қарапайым орыс пешінде кептіруге болады. Орыс пешінде көбінесе шырынды (сочный) жемістерді: раушан, таңқурай және т.б. кептіреді. Жемісті пеш жағылғаннан кейін 2-3 сағаттан соң ғана кептіруге болады, себебі, оған дейін жеміс күйіп кетуі мүмкін.
Пештегі температу 80 – 90оС болу керек. Жапырақты, гүлді пеште сирек кептіреді. Бұндай кептіруді егер ауа-райы өте қолайсыз болған жағдайда ғана жүзеге асырады. «Құрғақ ауалы жағдайға» дейін жақсы кептірілген шикізатта гигроскопиялық ылғалдың мөлшері 8-15% құрайды. Ол шикізаттың сапасына әсер етпейді.
Жақсы кептірілген тамырлар шытынап сынады, сабақтары да сынуы керек. Нәрлі кептірілген жемістер қолмен қысқан кезде кесек-кесек болып қолға жабыспау керек. Кептірілген шикізатты дәріханаға береді. Өздеріне деп жиналған заттарды қағазға орап немесе мата қапшықтарда бірнеше жыл сақтауға болады. Өте көп сақталған дәрілік өсімдіктердің жапырақтарын, гүлдерін тіптен жақсы кептірілген болса да қолдануға болмайды, себебі уақыт өткен сайын олар қасиеттерін жоғалтады.