Байланысты: Жабайы түрде өсетін дәрілік өсімдіктер.
Балауыз (Воск) – май қышқылдарының және бір атомды жоғарғы молекулалық спирттердің күрделі эфирлері.
Гликозидтер – күрделі заттар, олардың өсімдіктердегі алуан түрлілігі англикондар және көмірсулар фрагменттерінің табиғатымен С-О-С, С-С және С-S байланыстарымен анықталады.
Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарына, негізінен екінші синтез заттары (алкалоидтар, сапониндер, жүрек гликозидтері, флавоноидтар және т.б.) сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарын да (витаминдер, липидтер, көмірсулар) жатқызуға болады.
Өсімдіктердегі барлық заттарды әрекеттегі бірлесіп еріп жүретін және балластық деп бөледі.
Дәрілік өсімдіктердің пайдаланылатын мүшелерінде немесе жеке бөлшектерінде фармакологиялық белсенді заттардың көптеген түрлері, яғни комплексі болады. Солардың арасында бір немесе бірнеше өсімдіктің медициналық қажеттігін анықтайтын негізгі фармкологиялық белсенді заттарын ажырату қажет. Осындай негізгі фармакологиялық белсенді заттарды әрекеттегі (действующие) заттар деп атайды.
Осындай әрекеттегі заттардан басқа заттардың барлығын «бірлесіп еріп жүретін» (сопутствующие) заттар деп атайды. Мұндай бірлесіп еріп жүретін заттардың ролі және маңызы әрқалай болуы мүмкін. Ол заттардың кейбіреулері организмге пайдалы болуы мүмкін.
Мысалы, витаминдер, органикалық қышқылдар, минералды заттар, қанттар және т.б. Кейбір бірлесіп еріп жүретін заттар әрекеттегі заттардың фармакологиялық әсеріне, сапасына тиімді әсер етуі мүмкін. Мысалы, сапониндер наперстянка өсімдігі жапырағының құрамында кездесетін жүрек гликозидтерінің тезірек еріп сіңірілуіне және олардың әсерін тездеуге қолайлы жағдай жасайды.
Ал еритін немесе ісінетін полисахаридтер, илік (дубильные) заттар, керісінше, әрекеттегі заттардың шипалық тиімді әсерінің мерзімін ұзартуына алып келуі мүмкін. Пайдалы әрекеттегі заттармен қатар кейбір дәрілік өсімдіктерде зиянды заттар да болуы мүмкін. Мысалы, жаңа жинаған итшомырт (Крушина-Frangula) қабығында – антропол, кенедән (Клещевина- Ricunus) құрамында – токсильбумин және т.б. кездеседі.
Сондықтан, пайдалы және зиянды бірлесіп еріп жүретін заттарды ажырата білу керек. Кейбір өсімдіктер құрамында негізгі әрекеттегі заттардың сапасына әсер етпейтін фармакологиялық бейтарап заттар да кездеседі.
Ондай заттарды балластар деп атайды. Бірақ та «балластық заттар» деген ат тек шартты түрде ғана. Өйткені қазіргі заманда әрбір өсімдікті экономикалық тұрғыдан 100% тиімді пайдалану керек. Яғни өсімдік шикізатының барлық пайдалы заттарын пайдалана білу керек. Мысалы, кейбір дәрілік өсімдіктің ББЗ алып медицинада қолданумен шектелмей, ол өсімдік құрамындағы ағаштанып кеткен клетчатканы қағаз, кардон алуға пайдалану қажет.
Дәрілік өсімдіктерді жинаудың арнайы ережелері бар. Бұл ережелерді қатаң сақтау керек, өйткені оларды сақтамаған жағдайда құнды шикізаттың айтарлықтай бөлігі бұзылады. Дәрілік өсімдіктерден алынатын шикізаттың барлық түріне шикізаттың келбеті, нормасы, оны анықтауыш қасиеттері, сақтау, буып-түюдің және маркерлеудің мемлекеттік стандарттары, техникалық шарттары мен фармакопейлік мақалалары бар.
Майдаланған өлшеп қапталған өсімдік текті шикізаттардың бір бөлігі дәріханаларға жеткізіледі. Шикізаттың негізгі бөлігі химикофармацевтика заводтарында препараттар жасау үшін қолданылады. Алынатын фитохимиялық препараттар әдетте әр түрлі дайын дәрілік түрде шығарылады. Дайындалатын дәрілік өсімдіктердің бір бөлігі шетелге экспортталады.
Көптеген ғылыми зерттеу институттары, фармакогнозия кафедралары және ботаниктер, фармацевтика институттарында әр түрлі бағытта дәрілік өсімдіктерді зерттеумен айналысады. Дәрілік өсімдіктердің таралу орындары мен ресурстарын анықтап, картаға түсіреді; олардың биологиялық ерекшеліктерін, жинап алғаннан кейінгі қалпына келуін зерттейді; емдік қасиетке ие өсімдік құрамындағы заттарды химиялық сараптамадан өткізеді.
Дәрілік өсімдіктердің сырт пішіні мен микроскоптық құрылысы егжей-тегжейлі зерттеледі, себебі дәрілік өсімдіктерге ұқсас, бірақ емдік қасиеті жоқ өсімдіктерден ажырата білу керек. Бұл жұмыс өсімдік бүтін болған кезде онша қиыншылақтар тудырмайды, алайда ол кептірілген және майдаланған ұнтақ түрінде болса, тек микроскоп арқылы ғана анықтауға тура келеді.