3. Қақырық түсіретін дәрілер бронх шырышының секрециясын күшейтіп, сұйылтады және қақырықтың жөтелмен бөлінуін жеңілдетеді. Бронх эпителиінің белсенділігін, бронх бұлшық еттерінің жиырылу белсенділігін арттырады. Сұйылған бронх шырышы қабынған аймақтарға бүркеуші әсер көрсетіп, тітіркенуден қорғайды.
Қолданылады: бронх-өкпе қабынуларын, бронх обструкциясын (бітелуі) кешенді емдеуде.
Қақырық түсіретін дәрі топтары:
Муколитиктер- қақырықтың деполимеризациясына әкеліп, тұтқырлығын төмендетіп, сұйыққа айналдыратын әсерлі заттар.
Муколитик дәрілер: Амброксол (Ambroxol), Бромгексин (Bromhexin), Трипсин, Ацетилцистеин (АЦЦ-Acetylcystein), карбоцистеин.
Әсері: қақырықты ыдыратып, тұтқырлығын төмендетеді, қабыну процесін азайтады.
Қолданылады: бронхитте, пневмонияда, бронхоэктатикалық ауруда, бронх демікпесінде, трахеостомамен жүрген пациенттерде байқалатын ателектазада.
Резорбтивті әсерлі қақырық түсіретін дәрілер: калий йодид, натрий гидрокарбонат, аммоний хлорид, тасшөп (чабрец), андыз ағаш майы (анис), қараандыз (девясил), киікоты (душица). Әсері: ішекте сіңіп, бронх бездері шырышымен бөлініп, бронх секрециясын күшейтеді, қақырықты сұйылтып, шығуын жеңілдетеді.
Рефлекторлы әсерлі қақырық түсіретін дәрілер: Термопсис шөбі, жалбызтікен (корень алтея), қызыл мия (корень солодки), өгейшөп, терпингидрат, натрий бензоат.
Әсері: асқазан рецепторларын тітіркендіріп, рефлекторлы бронх бездерінің секрециясын күшейтеді, бронх қабаттарының қозғалысын арттырады, қақырық сұйылып, шығуы жеңілдейді. Жоғары концентрацияда құстыратын әсері бар. Тамақтанудан 30 минут бұрын қабылдау керек.
Қақырық түсіретін дәрілерге қарсы көрсеткіш: өкпе туберкулезінің ашық түрі, өкпеден қан кету қаупі, асқазан ойық жарасы, орталық жүке жүйесі және жүрек қан тамырлары аурулары.
Дәрілердің сәйкессіздігі: бір бірінің белсенділігін жоятындықтан ацетилцистеинді ингаляцияға антибактериальді дәрілермен бірге қолдануға болмайды. Ацетилцистеинді антибиотиктерден (пенициллиндер, цефалоспориндер, тетрациклиндер) кейін арасына 2 сағат уақыт салып қабылдау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |