5-параграф. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау және есепке алу тәртібі
42. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтайтын үй-жайға (бұдан әрі – сақтау үй-жайы) олармен жұмыс жасауға рұқсат берілген адамдар кіреді.
43. Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларының жоқ екенін, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен байланысты жұмыс істеуге жарамдылығы туралы психиатр мен нарколог дәрігерлердің қорытындылары және тиісті тексеру жүргізу жөніндегі ішкі істер органдарының қорытындысы бар адамдарға рұқсат етіледі. Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат етілген адамдардың тізімі денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен үш жылда бір рет бекітіледі.
Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың құрамы өзгерген жағдайда Адамдардың тізіміне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
44. Денсаулық сақтау ұйымдарында, сақтауға арналған орындарда және кезекші дәрігерлер мен мейіргерлердің постыларындағы сейф, шкаф есігінің ішкі жағында құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік дозаларының кестелері, сондай-ақ олармен уланған кездегі у қайтарғылар кестесі көрсетілген тізбе ілінеді.
45. Сақтауға арналған үй-жай, сейфтер мен шкафтар жабық тұруы тиіс. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін олар мөрленеді және (немесе) пломба қойылады. Кілттері, мөрі және (немесе) пломбир жауапты адамда (бұдан әрі – жауапты адам) сақталады.
46. Құрамында Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың кірісі мен шығысы бойынша барлық құжаттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, сенімхаттар, рецептілер, талаптар) айы мен жылы бойынша тігіліп, мөрленіп жауапты адамда, олардың сақталуын қамтамасыз ету шартымен сейфтерде немесе металл шкафтарда сақтауға арналған үй-жайларда сақталады.
47. Құрамында Тізімнің II кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар бес жыл бойы, құрамында Тізімнің III, IV кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар ағымдағыны санамағанда бір жыл бойы сақталады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін, құжаттар, осы ұйымның басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қатысуымен өртеу арқылы жойылады.
48. Сақтау үй-жайынан құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды беруді жауапты адам ғана жүзеге асырады.
49. Дәріханалардағы ассистенттік бөлмеде Тізімнің II кестесіндегі есірткі, психотроптық заттарының қоры бес күндік қажеттіліктен, денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімшелерінде (кабинеттерінде) – үш күндік қажеттіліктен, дәріханалардың сақтау үй-жайларында – мереке және демалыс күндерін қоспағанда, отыз күндік қажеттіліктен аспайды.
50. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымында кешкі және түнгі уақытта шұғыл медициналық көмек көрсету үшін құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың бес күннен аспайтын қорының тізімі денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен айқындалады, оны жауапты кезекші дәрігердің рұқсатымен пайдаланады.
51. Медициналық сараптама қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында сынаудан (талдаудан) қалған құрамында есірткі, психо-троптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар үш ай сақталады, одан кейін өтініш берушіге қайтарылады. Дәрілік заттарды қайтару фактісі дәрілік заттарды қайтару туралы тиісті актімен (еркін нысандағы) ресімделеді.
52. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жарамсыз дәрілік заттар, сондай-ақ сынақтардан (талдаудан) кейін қалған қалдықтар жойылуы тиіс.
53. Денсаулық сақтау ұйымдарында құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар нөмірленген, тігілген, денсау-лық сақтау ұйымдары мен Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшы-ларының мөрі мен қолдары қойылған, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес дәріхана қоймаларындағы есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды есепке алу, 12-қосымшаға сәйкес бөлімшелерде және кабинеттердегі құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсор-лар бар дәрілік заттарды есепке алу, 13-қосымшаға сәйкес дәріханада заттық-сандық есепке алуға жататын есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды есепке алу, 14-қосымшаға сәйкес мейіргерлер посттар-ындағы құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды есепке алу журналдарында заттық-сандық есепке алуға жатады.
Морфинмен уланудың клиникалық белгілері
Пациенттің көзі сығырайған, эйфория, тынышсыздық, ауыз құрғау, бас ауру, зәрдің көп бөлінуі. Бірте-бірте ұйқысы келу, кома, чейн- Стокс тынысы (тынысы азайып арасында үзіледі).
Морфинмен уланудағы көмек
0,02% Калий перманганаты ерітіндісімен асқазан шаю.
Іш жүргізетін тұзды ерітінді ішкізу (балалардың әр жасына 2 грамм тұздан есептейді).
Жіті улануда 0,5%- 1-2мл Налорфин немесе Налоксон ерітіндісін көк тамырға. Тиімділігі болмағанда 10-15 минуттан кейін қайта енгізу. Мөлшері 0,5%- 8мл аспауы тиіс.
Тыныс алу қызметі бұзылыстарында аналептик 1%- 1мл Этимизол бұлшықетке немесе көктамырға немесе 10% Кофеин тері астына, немесе Кордиамин 2мл енгізіледі.
Пациентті тыныш жерде, жылы жауып жатқызу.
Форсирленген диурез жүргізу.
5%- 3мл Тиамин бромиді ерітіндісін көктамырға енгізу.
Оттегін беру.
Достарыңызбен бөлісу: |