Атропинмен улану белгілері байқалғанда асқазаннан сіңе қоймаса асқазан шайып (танин, белсендірілген көмір суспензиясымен), іш жүргізетін тұзды ерітінді береді. Форсирленген диурез, гемосорбция жүргізу қажет. Қозуларда Диазепам, тахикардияда β - адреноблокатор дәрілерінен беріліп, фотофобияда пациентті қараңғы жерге орналастырады.
Ганглиоблокаторлар: Бензогексоний, Пахикарпин. Артериялық қысымды төмендетіп, асқазан ішек бездерінің секрециясы мен жиырылуын тежейді. Ганглиоблокаторлардың әсерінен бүйрек үсті безінің милы қабатындағы Н- холинорецепторлар тежеліп, адреналиннің бөлінуі төмендейді және асқазандағы Н- холинорецепторлар тежеліп сөл бөлу мен жылжыту қызметі нашарлайды. Ганлиоблокаторлар артериялық қан қысымын жедел төмендетеді. Сондықтан қан қысымын жедел төмендету керек болған жағдайларда (бас, жамбас аумағына, тамырларға операция жасарда), гипертониялық кризде, жедел ми мен өкпе ісінуінде, артеиалды гипертонияның ауыр түрлерінде стационар жағдайында ғана өте сирек қолданады.
Жанама әсері: гипотония (систололық қысым с.б. 60-70мм), жіп тәріздес пульс, ортостатикалық коллапс, талма (обморок), емделуі қиын іш қату.
Н - холиноблокаторлар (Миорелаксанттар) - кураре тәрізді дәрілер:
А) деполяризацияға қарсы миорелаксанттар: Тубокурарин, Ардуан Диплацин.
Б) деполяризациялаушы миорелаксанттар: Дитилин (Листинон).
Дитилинді барбитураттармен (ұнтақ тұнбаға айналады) және қанмен (гидролиз жүреді) араластыруға болмайды.
Миорелаксанттармен жүйке- бұлшықет өткізгіштігінің тежелуі дамиды: бет-жақ бұлшық еттерінің босауы, ары қарай аяқ-қол бұлшық еттерінің босауы, дыбыс беру сіңір байламдарының босауы, кеуде бұлшық еттерінің босауы және диафрагманың босауы жүреді. Тыныс алу еттерінің салдануынан тыныс тоқтайды. Егер пациентке қатарынан жасанды дем берілмесе асфиксиядан өлімге барады. Жылдам әсер ететін миорелаксанттардың әсері 3-5минут.
Қолданылуы: интубация алдында, наркозға (қаңқа бұлшық еттерін босаңсытуға).
Достарыңызбен бөлісу: |