М - және Н - холиноблокаторлар: Спазмолитин, Циклодол.
Орталық жүйке жүйесі рецепторларын тежейді. Циклодол Паркинсонизм ауруында қолданылады. М-Н-холиноблокатор фенпивериний бромид спазмолитикалық әсерлі «Баралгин», «Максиган», «Триган» дәрілерінің құрамына кіреді.
Қолданылуы: спастикалық колит, пилороспазм, бауыр, бүйрек шаншулары, жүрек және ми тамырларының спазмасы, шеткері тамыр спазмасы (облитерирующий эндоартерит).
Қарсы көрсеткіші: глаукома.
Адренергиялық дәрілер.
Адренорецепторлар- Норадреналинге сезімтал рецепторлар.
Кей адренорецепторлардың медиаторы Дофамин.
Адренорецепторлар α және β (β1 және β2 ) болып бөлінеді.
α- адренорецепторлар теріде, терінің қан тамырларында, асқазан ішек қан тамырларында, шырышты қабықшаларда орналасқан.
β1- адренорецепторлар жүректе, асқазан ішек бұлшық еттерінде орналасқан.
β 2 адренорецепторлар қаңқа бұлшық еттерінің тамырларында, жатырда, бронхта орналасқан.
α- адреномиметиктер: Мезатон, Нафтизин, Галазолин.
Әсері: артериялық қысымды жоғарылатады, сілемей қабықшаларды тарылтады (насморкта қолданылады).
Мезатон тамырларды тарылтатын препарат. Гипотонияда, ринитте, коньюктивитте қолданылады. Кейде жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін қолданар алдында 1-2 тамшы қосылады.
Нафтизин мен Галазолиннің тамыр тарылтқыш әсері күштірек және ұзақтау. Мұрыннан сұйықтық бөлініп ісінуде, мұрын қабынуында мұрынмен демалуды жақсартуға қолданылады.
Клофелин жүрек жиырылуын азайтып, бүйректен рениннің бөлінуін төмендетіп, диурезді жоғарлатады. Осы әсерден артериялық қысым төмендейді. Артериальды гипертензияда қолданылады.
β1- адреномиметиктер: Добутамин. Миокардтың жиырылуын күшейтіп, гемодинамикалық әсер береді. Қан қысымы жоғары болып, тахикардиямен болған жүрек жеткіліксіздігінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |