Б) Кардиотоникалық гликозидті емес препараттар: Допамин, Добутамин, Амринон, Адреналин.
α,β- адреномиметик Адреналин әсері көк тамырға енгізгенде 5минутта, тері астына енгізгенде 30 минутта басталады.
Дофаминомиметик - Дофамин әсері 5-10минут, көк тамырға тамшылатып еріткішпен араластырып, тек стационарда қолданады.
Қолданылуы: жіті жүрек жеткіліксіздігінде көмекші дәрі ретінде.
Қарсы көрсеткіштері: кардиомиопатия, аорта стенозы, гиповолемия, тиреотоксикоз, жүрек ырғағының ауыр бұзылыстары, қан тамырларының бітелуі, куықасты безі аденомасы, бронх демікпесі, жүктілік, лактация.
Жанама әсерлері: тахикардия, бас айналу, жүрек шаншуы, анорексия, құсу, лоқсу, жүректің қатты соғуы, үрей, ентігу, стенокардия, артериялық қысымның жоғарылауы, тахиаритмия.
Қолданғанда артериялық қысымның тез арада жоғарылайтынын ескеріп, инфузия жылдамдығын бақылау қажет.
Жүрек жеткіліксіздігінде қолданылатын басқа топ тәрілері:
Ангиотензинге айналдырғыш фермент ингибиторлары: каптоприл, эналоприл;
Антиотензин –II рецепторының блокаторлары: лозартан, валсартан, инбесартан;
β-адреноблокаторлар: бетаксолол, карведилол, метопролол;
Ca+ арналарының блокаторлары: верапамил, дилтиазем;
Вазодилитаторлар: изосорбит мононитраты немесе динитраты, натрий нитропруссиді, гидралазин;
Диуретиктер;
Диуретиктерді электролитті бұзылыстарды ескеріп тағайындаған жөн. Диуретиктердің мөлшері асқанда гиповолемия, жүрек жиырылуының төмендеуі, бүйрек қызметінің бұзылыстары дамиды.
Осы алты топ дәрілерінің қолданылу мақсаты миокардқа түсетін күшті азайту, жүректің жиырылуы мен қанды айдау қызметін жақсарту, ентікпені, ісінулерді азайту, жүрекке түскен күшке бейімделуді арттыру, жүрек жеткіліксіздігін азайту.
2. Аритмияда қолданылатын дәрілер
Аритмия - жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы. Аритмияның себебі: жүректегі импульстардың пайда болуы мен оның өткізілуінің бұзылуына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |