Фармакология негіздері


Тератогенді әсер - жүктіліктің алғашқы 3 айында қолданған дәрінің әсерінен ұрықтың зақымдануы. Мутагенд



бет14/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80
Тератогенді әсер - жүктіліктің алғашқы 3 айында қолданған дәрінің әсерінен ұрықтың зақымдануы.

  • Мутагенді әсер - генетикалық бұзылыстарға, хромосомдық ауруларға әкелетін әсер.

  • Ульцерогенді әсер - дәрінің асқазан ішек жолдарын зақымдауы, асқазан жарасына әкелуі.

  • Канцерогенді әсер- дәрінің ісік ауруына әкелуі.

  • Аллергиялық әсер- дәріні қайта қабылдағанда ағзада гистаминдердің бөлінуінен болатын патологиялық жағдай.

  • Қайтымды әсер- дәріні қабылдауды доғарғанда ағзаның, жүйенің, мүшенің қызметі қалпына келеді.

  • Қайтымсыз әсер- дәріні қабылдауды доғарғанда ағзаның қызметі қалпына келмейді.



    Орфанды препараттар - өте сирек кездесетін ауруларды емдеуге және диагностикасына қолданылатын дәрілер.


    Дәрілерді енгізу жолдары
    1) Энтеральды енгізу - асқазан ішек жолдары арқылы: ішуге-перорально, тіл астына –сублингвально, тік ішекке- ректально.
    2) Парентеральды енгізу - асқазан ішек жолдарына түсірмей- теріні зақымдап: тері ішіне (т/і), тері астына (т/а), бұлшық етке (б/е), көк тамырға (к/т), артерия ішіне, жұлынға (субарахнаидально)
    3) Сыртқа қолдану: компресс, жағылма жағу, тамшы тамызу, ұнтақ себу (сеппе-присыпка), өңдеп жуу, ингаляциямен.


    Дәрілердің ағзадан шығу жолдары: зәрмен бүйрек арқылы, өкпе, бауыр арқылы, өтпен, АІЖ, сілекей, тері, бронх, сүт, жас бездері арқылы.
    Дәріге әсер ететін факторлар: адамның жасы, салмағы, жынысы, сезімталдығы, паталогиялық жағдайы, тәуліктік ритм және қоршаған орта, ағзада улы заттардың жиналуы, темекі шегу, ішімдік, биологиялық белсенді заттар.


    Дәріні қайта қабылдағанда байқалатын жағдайлар:
    1. Дағдылану - үйреншіктік.
    2. Кумуляция (жиналу). Мысалы ұзақ әсерлі жүрек гликозидтері бүйрек бауыр қызметі дрыс болмаса ағзадан уақытылы шықпағандықтан жиналып, улану болуы мүмкін.
    3. Дәріге тәуелділік. Наркотиктерге болады.
    4. Тахифилаксия - улы заттарға ағза сезімталдығының нашарлауы, дәріге тез үйрену (дәріге немесе алкогольге).
    5. Сенсибилизация - тітіркендіргіш дәріге немесе аллергенге ағзаның жүйке ұштарының сезімталдығының күшеюі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет