Фармакология негіздері



бет24/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Ко-тримаксазол (Бисептол), Лидаприм
Сульфаниламидті препараттар химиялық құрылысы жағынан микроорганизмдердің өсуіне қажет фолиенді қышқылдың түзілуіне керекті пара-аминобензой қышқылына ұқсас. Сульфаниламидті препараттар микроб жасушасының өсуі мен көбеюін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Дәрі мөлшері жеткіліксіз болса тұрақтылық пайда болады.
Жанама әсерлері: Аллергия, диспепсия, кристалурия- бүйректе тас пайда болуы мүмкін (сусындарды көп қабылдау қажет), бас айналу, анемия, лейкопения, невриттер.
Қарсы көрсеткіштері: бауыр, бүйрек және қан жүйесі қызметі бұзылулары. Микробқа қарсы әсерін төмендететіндіктен сульфаниламидті препараттарды Новокаинмен бірге қолдануға болмайды. Себебі Новокаин сіңгенде пайда болатын метаболит-тердің бірі парааминобензой қышқылы сульфаниламидтердің антагонисті болып келеді.
Нитрофуран туындылары
Препараттары: Фурациллин, фуразолидон, фурадонин, фурагин.
Әсер етуі: РНҚ синтезін бұзады, цитоплазматикалық мембранадағы тыныс алу ферменттерінің синтезін тежеп, жасуша қабықшасының бұзылуына алып келеді. Кең спектрлі.
Хинолондар
I-буыны 8-оксихинолин туындылары: Энтеросептол, Нитроксолин (5-НОК).
Әсер ету спектрі кең,бактериоцидті. Микроорганизмдердің металға тәуелді ферменттік жүйесін жояды.
Энтеросептол құрамында галогені бар.
Қолданылуы: Ішек және несеп шығару жолдары инфекциясында.
Жанама әсері: аллергия, шеткерілік невриттер, көру жүйкесінің зақымдалуы, зәрдің қызыл-сары түске боялуы байқалады.
II-буыны: Налидикс қышқылы (Неграм), пипемидин қышқылы (Палин)
Грам(-) энтериобактерияларға, көкіріңді таяқшаларға әсер етеді.
Қолданылуы:Несеп шығару жолдарының инфекциялары, энтероколит, холецистит, отит ауруларында.
Бауыр және бүйрек қызметі бұзылуында, тыныс алу тежелуінде, жүктіліктің алғашқы 3айында,2жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Хинолондардың III-буыны фторхинолондар: Пефлоксацин (Абактал), Офлоксацин, Ципрофлоксацин (Сифлокс, ципролет).
Әсері кең спектрлі, бактериоцидті.
Бактериялардың ДНҚ қызметі мен құрылысын бұзып, ақуыз синтезін тежейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет