Фармакология негіздері


Апатты жағдайда қолданылатын жиынтық



бет20/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Апатты жағдайда қолданылатын жиынтық : спирт 70%-50мл, калий перманганаты 0,02г ұнтақ, дистилденген су-200мл, сульфацил– натрий ерітіндісі (альбуцид) 30%-10мл, йод 5%-20мл, бинт, мақта, жапсырма- лейкопластырь, хирургиялық қолғап, саусақ қалта -напальчники.
Химиотерапевтикалық дәрілер.
Химиотерапевтикалық дәрілер - жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын инфекция қоздырғыштарына әсер ететін препараттар.
Химиотерапевтикалық дәрілердің топтастырылуы:

  1. Антибиотиктер.

  2. Микробқа қарсы қолданылатын синтетикалық дәрілер.

  3. Туберкулезге қарсы дәрілер.

  4. Вирусқа қарсы дәрілер.

  5. Паразиттерге қарсы дәрілер:

    1. Спирохетозға қарсы (мерезге қарсы) дәрілер.

    2. Саңырауқұлактарға карсы дәрілер.

    3. Карапайымдыларға қарсы дәрілер.

    4. Құрттарға карсы (гельминтке қарсы) дәрілер.



Химиотерапия принциптері:
1.Қоздырғышқа қарсы сезімталдығы жоғары препаратты таңдау; анықталған қоздырғыш микробқа қарсы препаратты таңдап тағайындау.
2.Емді дер кезінде бастау; ауру қоздырғышы белгісіз болса да кең спектрлы дәрілердің бірі тағайындалып, емдеу жүргізіледі.
3.Енгізу арасындағы дәл уақыт аралығын сақтай отырып, препараттың тиімді мөлшерін қабылдау; Мысалы бензилпенициллин дәрісінің әсер ету ұзақтығы 6 сағат. Сондықтан 6 сағат сайын тағайындалған келесі дәрі мөлшері қабылдануы тиіс.
4.Ауру белгілері жойылғанша және 2-3 күн артығымен емдеу; Пациенттің жағдайы жағсарғанмен, ағзасындағы ауру қоздырғыштары толық жойылмаған болуы мүмкін.
5.Біріктірілген ем жүргізу (қоздырғыш түрлеріне қарай 2-3 дәріні қатар тағайындау);
6.Қажетті жағдайда аурудың алдын алу үшін емдеу кестесін қайталау; Созылмалы ауруларда (ревматизм, т.б.) пациенттің ауруы қозбай тұрғанда, жыл сайын емдеу курсын жүргізу.


Антибиотиктер
Антибиотиктер (анти-қарсы, биос-тіршілік, өмір) - әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған биологиялық заттар немесе оның синтетикалық аналогтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет